Бокс

Қытайдағы "қазақ жауынгері" қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қорғады (видео)

  • © lenta.inform.kz

    © lenta.inform.kz

Қытайдағы қазақ кәсіпқой боксшысы Елхат Нығметолла жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын сәтті қорғады. Шэнчженде (Қытай) өткен бокс кешінде индонезиялық боксшы Икал Тобиданы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Елхат Нығметолла "қазақ жауынгері" деген лақап атпен танымал. Осыған дейін кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, 11-де айқын жеңіске жеткен. Бір кездесуінде қарсыласымен тең түскен.


Индонезиялық боксшы болса кәсіпқой бокста Елхаттан көп кездесу өткізгенмен, жеңіске жеткен жекпе-жегі аз. 38 жекпе-жектің 13-де ғана қарсыласын жеңген. 24 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен.



Елхат Нығметолла қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) жерлесі. Екі боксшы да Қытайдың Алтай өңіріндегі Іле Қазақ автономиялық облысының Синьцзян аймағында дүниеге келген.


vesti.kz

 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30