Бокс

Левит-Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты қорытынды шешім шықты

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті Левит - Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты соңғы әрі нақты шешім шығарды.


Ұйым президенті Томас Бах AIBA-ның (Олимпиада боксының халықаралық ассоциациясы) Лозаннадағы атқару комитетінің отырысы қорытындысы бойынша жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады.


ХОК Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиадада төрешілердің тарапынан жекпе-жек нәтижелерін шығаруында жемқорлық немесе айла-шарғы жасау деректері расталмағанын мәлімдеп отыр.


"ХОК AIBA-ның түбегейлі өзгеріс енгізу жолындағы ынта-ұмтылыстарына қолдау көрсетеді. AIBA жаңару жолында айтарлықтай дами түсті. Терең өзгеріс енгізу үшін уақыт қажет екенін түсінеміз және AIBA-ға уақыт беріп, барлық қажетті көмекті аямаймыз", - деді Бах.


Еске салайық, Василий Левит 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған. Кейін бұл кездесу нәтижесіне наразы болғандар көбейген.


Бұл Олимпиада ойындарында ресейлік боксшы Владимир Никитин мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу де даумен аяқталған.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 1658    Пікірлер: 0

сенбі, 05.05.2018, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31