Бокс

Мейвезер МакГрегорды 10-раундта тізе бүктірді

  • © youtube.com

    © youtube.com

Спортсүйер қауым асыға күткен америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» мәресіне жетті.


Лас-Вегаста өткен бокс кешінде Флойд Мейвезер оныншы раундта айқын жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы алға ұмтылып, қанша тырысса да бағы жанбады.


Себебі америкалық боксшы әдеттегідей өзіндік жұдырықтасу стиліне басты. Ирландиялық спортшының қарқыны төртінші раундтан кейін басылып, Флойд Мейвезер шабуылда ширақ қимылдай бастады. Тоғызыншы раундтағы Флойд Мейвезердің еркін соққылары қарсыласын есеңгіретіп, оныншы раундта Мейвезер техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.


Сөйтіп гауһар таспен көмкеріліп, алтынмен апталған WBC Money Belt арнайы белбеуін беліне байлады.


Сондай ақ бұл жекпе-жектен Мейвезер 100, ал МакГрегор 75 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.


Лақап аты «Ақша» аталып кеткен Флойдтың бұл кәсіби мансабындағы 50-ші кездесуі. Бұған дейін ол бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.


24.kz


 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 27.08.2017, 13:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31