Бокс

Мейвезер МакГрегормен өткізген кездесу туралы шындықты айтты

  • © Мейвезер - МакГрегор. Reuters©

    © Мейвезер - МакГрегор. Reuters©

Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша өткен кездесудің шындығы туралы айтып берді. Бұл туралы Eurosport порталы хабарлайды.


Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, оныншы раунда америкалық боксшының пайдасына аяқталды.


Бұл кездесуден Мейвезер 100 миллион, МакГрегор 30 миллион көлемінде сыйақы алды. Бірақ бұл соммаға екі боксшыға ақылы көрсетілім (PPV), билет салымы мен жарнамалардан түскен табыс есептелмеді. Мейвезердің өзі бұл кездесуден кейін жалпы табысы 300 миллион болғанын айтса, МакГрегор 100 миллион доллар көлемінде пайда тауыпты.


"Көпшілік Мейвезер мен МакГрегор кездесуіне күйе жаққысы келеді. Бірақ мен сіздерге шындықты айтайын. Бұл кездесуде жанкүйерлерге қызық болуы үшін МакГрегорға әдейі өзімді ұруға мүмкіндік бердім", - дейді Мейвезер BoxingScene басылымына берген сұқбатында.


Айта кетейік, 40 жастағы Мейвезер 29 жастағы МакГрегормен кездесудің алдында екі жыл шаршы алаңға шыққан жоқ болатын. Жуырда ғаламторда америкалық боксшының жаттығу жасап жатқан видеолары шықты. Кейбір мәліметтер бойынша, ол шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап жүр екен. Бірақ Мейвезердің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


 vesti.kz




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.12.2017, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30