Бокс

«Мұндай Головкинді ешкім көрмеген». Сарапшылар не дейді?

  • «Мұндай Головкинді ешкім көрмеген». Сарапшылар не дейді?

    «Мұндай Головкинді ешкім көрмеген». Сарапшылар не дейді?

Нью-Йорк. Төрешілер шешімі шыққан кезде рингтегі екі боксшының да өңінен өкініш байқалды. Күтпеген жерден Дэнни Джейкобстың тарапынан мықты қарсылыққа тап болған, сөйтіп төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен Головкин сірә өзі көрсеткен боксқа көңілі толмаған және нокауттар рекордының 23-пен үзілгеніне ренішті күйде тұрды, - деп жазды egemen.kz.


Кім ұтты? The Ring


Төртінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, қайта түлеп, бірнеше мәрте Головкиннің жанына бататындай ауыр соққы жасаған, оның мақтаулы алапат күшін пайдаланбауы үшін керемет жылдамдық пен әбжілдік көрсеткен Джейкобстың жеңіліске қатты өкінгені көрінді. Бәрінен қуанған боксшы болса ол екі жылдан бері Головкинмен кездесу туралы келіссөз жүргізіп келе жатқан Канело Альварес болар. Мэдисон Сквер Гардендегі 19,939 адам алдында, HBO PPV басты кездесуінде Джейкобс айтарлықтай жақсы бокс көрсеткен соң Канело Головкинмен жекпе-жекке шығуға бел байлауы мүмкін. Кім жеңсе де, бүгін сарт-сұрт ұрысқа толы, нокдауны бар, жанкүйерге ұнайтын қырғын шайқас болды.


Головкин бұл кездесуде жеңді ме? Fightnews.info


Бесінші раундта бітетін сияқты көрініп еді. Джейкобс шыдап берді, бірақ бұл раундта таза жеңілді. Алтыншы раунд тең болды. Жетіншіні Головкинге беруге болар еді. Бірақ Джейкобс одан қорқуды қойды. Дәлдік жағынан қазақ басым болды. Ал одан кейінгі жағдай «орта салмақтың лидері» үшін мақтанарлықтай болмады. Соңғы бес раундтың үшеуінде Головкин таза ұтылды. Чемпион мықты соққылар жеді, ал өзі ештеңе қарсы қоя алмады. Сол сәтте рингте Гена емес, Джейкобс чемпион сияқты көрінді [...] Басты сұрақ – Головкин жеңді ме? Меніңше жеңген жоқ. Ол инициативаны беріп қойды, кездесудің екінші жартысында нашар көрінді. Төрешілердің есебі бойынша Головкинге жеңісті беруге болады. Бірақ Головкин орта салмақтың иконасы болып саналатынын ескерсек, онда БҰЛ жеңіс емес. Алайда, барлық ұлы чемпиондарда төрешілердің көмегімен келген жеңістер болған.


Головкин ауыр айқаста жеңді, Советский Спорт


Ары қарай жекпе-жек картинасы өзгерді. Головкин ұзақ үзілістер жасай бастады. Ол карьерасының соңғы жылдарындағы Костя Цзюды еске түсірді. Ол ұзақ жекпе-жекті емес, нокаутқа түсіретін соққы жасауды ойлаушы еді ғой. Джейкобс болса, арақашықтықты жақсы сезініп алды да қарсыластың бәсеңдігін жақсы пайдалануға көшті. Сөйтіп бірнеше раундты алып қойды. Мұншалық бәсең Головкинді ешкім көрмеген.


Спорт-экспресс


11 раунд алдында Джейкобс бұрышына келіп отырды да шелекке қан түкірді. Бапкерлері одан бұрынғыша бокстасуды – мүмкін емес нәрсені талап етті. Яғни, Головкиннің соққысынан жалт беру, көпсоққылы комбинация жасау, денесінен ұру және мүлдем соққы жібермеу. Головкиннің соққысын жіберу не екенін бәрі біледі. Төртінші раундта Головкин Джейкобсты оң қолмен жақын тұстан екі ұрып құлатты. Бұл Джейкобсты оятқан қоңырау болды. GGG алғашқы үш раундта сөзсіз басым болды дей алмаймыз, ол тек дәлірек, қаттырақ және көбірек ұрды. Алдыңғы қолдың қатты соққылары Джейкобстың қимылындағы балансты бұзып отырды. Дэнни Джейкобсқа соңына қарай сәттілік, күш және төрешілердің аздаған көмегі жетіспеді. Головкин Джейкобсқа реванш берем дегендей болды. Баспасөз конференциясында Джейкобс «екі ұпай басымдығымен ұтқаным анық», ал төрешілер Головкин-Альварестің жекпе-жегін құтқару үшін мені құрбан етті деді. Мүмкін, оның сөзінде аз-маз шындық бар шығар. Ал егер Головкин мен Альварес биыл кездеспесе, Джейкобс бекерге күйіп кеткен болып шығады. Андеркардта көп ешкім білмейтін тай боксшысы Роман Гонсалесті ұтты. Төрешілердің есебінше. Шын мәнінде Гонсалес жеңілді ме. Жеңілген жоқ. Тек оның алдында төрешілер құтқаруы тиіс үлкен жекпе-жек жоқ еді.


Шейн Мозли, 3 салмақта әлем чемпионы болған боксшы


Меніңше, Дэнни Джейкобс өте жақсы жұмыс жасаған. Нағыз чемпион алдында бас киімімді шешем. GGG аз ғана басымдықпен жеңді, немесе кездесу тең аяқталды. Реванш керек.


Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы


Головкин уақыт өткен сайын әлсіреп жатыр ма? Жоқ. Уақыт өткен сайын Головкинге бұрынғыдан мықты қарсыластар шығып жатыр.


Е.Әбдіраман


egemen.kz




Көрілген: 1311    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.03.2017, 10:57

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
17 Қыркүйек 2017
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек 2017
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30