Бокс

Сарапшы Головкин мен "Канелоның" күшін салыстырды

  • © AP Photo / John Locher

    © AP Photo / John Locher

Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс Daily Bread Mailbag айдарында Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы жазды, деп хабарлайды prosports.kz.


"Головкинде атлетизм бар, бірақ оны атлетикалық спортшы деп санамаған болар едім. Меніңше, ол Марвин Хаглер немесе Костя Цзю секілді дене күшіне сүйене отырып бокстасатын тегеурінді панчер. "Канело" біраз басқаша. Оның Головкинге қарағанда атлетикасы басымырақ, бірақ бұл басымдық айтарлықтай көп емес. "Канело" дарындылау. Оның соққылары ғажайып. Ол соққыларын түрлендіре алады. Ол өте үйлесімді жұдырықтасады. Бірақ суператлет емес. Оны Джеймс Тониге ұқсатуға болады", — деп жазады автор.


Еске сала кетейік, Головкин мен "Канело" былтырғы қыркүйекте кездескен болатын. Сол жекпе-жекте тіркелген тең нәтиже күмәнді болып, бокс жанкүйерлерін абыржытқан. Содан кейін 5 мамырда қайта кездеседі деп жоспарланғанмен, мексикалық боксшының допинг дауына ілігуіне байланысты, Головкин Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізуге мәжбүр болды.


Sputnik


 


 




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 19:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31