Бокс

"Соңғы сөзін айтқан жоқ". Маман Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі оралуына қатысты ойын айтты

  • "Соңғы сөзін айтқан жоқ". Маман Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі оралуына қатысты ойын айтты

Қазақстандық бір жарым жылдай жұдырықтаспады.


2017 жылдың қыркүйегінен бері жұдырықтаспаған қазақстандық кәсіпқой Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында рингке оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко осындай сенім білдірді.


"Қанат Исламның жарақатына байланысты барлық мән-жайды білмеймін. Былтыр көріскенбіз. Ол кезде жаттығуларға кіріскелі жүрген. Жарақат салдарынан осынша уақыт жоғалтып алғаны өкінішті. Климаспен оның болашағы зор. Тезірек сауығуын тілеймін.


Рухы мықты жігіт. Көптеген қиыншылықтарды басынан өткерді, алайда, оны әлі рингтен көреміз деген ойдамын. Ол соңғы сөзін айтқан жоқ", - дейді Демьяненко.


Еске салайық, Ислам 2017 жылдың 9 қыркүйегінде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін жұдырықтасқан жоқ. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алды.


Боксшы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары туралы айтқан, алайда, оның жаттығу лагері жарақаттың толық емделмеуіне байланысты кейінге шегерілді.




Көрілген: 209    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 17:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Желтоқсан 2018
    "Жыл боксшысы" анықталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28