Бокс

Тінікеев: Головкин жұртты нокауттарымен тым еркелетіп жіберген сияқты

  • Тінікеев: Головкин жұртты нокауттарымен тым еркелетіп жіберген сияқты

    Тінікеев: Головкин жұртты нокауттарымен тым еркелетіп жіберген сияқты

 Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев фейсбуктегі парақшасында Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.


Головкиннің америкалық қарсыласын мерзімінен бұрын сұлататынын күткен қазақстандықтардың бұл жолғы жекпе-жекке көңілі толмаушылығы экс-депутаттың ашуына тиген сыңайлы.


«Білгіштер үшін: бокс – бұл да өнер, өзіндік тактикасы бар. Геннадий жұртты нокауттарымен тым еркелетіп жібергендей әсер қалдырады. Неге әр нәрсеге көңілдеріңіз толмай жүреді? Біріншіден, Джейкобс – әлем чемпионы, ұрып жығатын бала емес. Екіншіден, елестетіп көріңіздерші, сіздерге 15 милллион халқы бар мегаполиске бір жігіт келіп (мейлі ол чемпион болсын), көз алдарыңызда сіздің кумиріңізді ұрып-соғады. Иә, жекпе-жек оңайға соққан жоқ, алайда ол Геннадийдің қарсыласы жекпе-жек кезінде үнемі қашып жүргендіктен қиын болды ( Сәпиевтің Бейжің Олимпиадасындағы жекпе-жегін естеріңізге түсіріңіздер, оның қарсыласы да рингті айнала жүгіріп жүрген еді). Осы туралы ойланып көрдіңіздер ме?», - деп жазды экс-депутат.


«Ауруды жеңген Джейкобс құрметке лайық, әрине (Джейкобстің қатерлі ісікпен ауырғаны хабарланған болатын – автор. ескерт), бірақ жекпе-жек алдында ол неге салмақ өлшеуден қашты? Және жекпе-жектен кейін анализ тапсырудан неге бас тартты? Бокс әлемінде, ең негізгі ғимаратта, бас аренада өнер көрсету құрметіне ие болған қазақстандық боксшыларды атай аласыздар ма? Кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсету туралы айтпай-ақ қояйын. Геннадийге оңай емес, себебі ол бокс кеңестері (IBF, IBO, WBA, WBC) ұсынған боксшылармен жұдырықтасуға мәжбүр. Ол барлығына «ашық», алайда, неге екені белгісіз, «ұлылар» онымен жекпе-жекке шығудан қашады. Головкинмен жұдырықтасқан бір әлсіз боксшының атын атаңдаршы? Олардың барлығы өз бокс кеңестерінде нөмірі бірінші боксшы, оның үстіне экс болса да, әлем чемпиондары», - дейді экс-мәжілісмен.


Тінікеев Головкин қарсыластарын өзі таңдамайтынын тағы бір мәрте түсіндірді.


«Бокс – бұл да өнер, өзіндік тактикасы бар деп бекерге жазғаным жоқ. Геннадиймен рингке шығудан қашып жүргендер енді осы жекпе-жектен кейін Головкинмен кездесуге батылы жететін шығар. Геннадийге барша қазақстандыққа Наурыз мейрамына үлкен сый жасағаны үшін тағы да рақмет айтамын», - деп түйіндеді Тінікеев.


Естеріңізге салып өтсек, кеше Нью-Йоркте Головкин мен америкалық Джейкобстың арасында 12 раундтық жекпе-жек өтті. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Айта кетсек, қазақстандық боксшы карьерасында алғаш рет 12 раундтық жекпе-жек өткізіп отыр. 


Baq.kz


 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.03.2017, 18:56

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
17 Қыркүйек 2017
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек 2017
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30