Бокс

Том Леффлер Головкин-Альварес жекпе-жегінің несімен қызық болатынын айтты

  • Том Леффлер. © ucnlive.com

    Том Леффлер. © ucnlive.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер қыркүйекке белгіленген Головкин-Альварес жекпе-жегінің несімен тартымды екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Бұл жекпе-жекте бастапқы раундтарда нокаут болып жатса таңғалмаймын, бірақ кездесу 12 раундқа созылса да тосынсый болмасы анық. Абель Санчес те жекпе-жектің 12 раундқа созылуы мүмкін екенін айтады. "Канело" шыдамды әрі жылдам. Чавеспен кездесуінде ол өзін көрсетті. Ол кезде бұрынғыға қарағанда тоғыз фунт ауыр болды. Ол үшін бұл үлкен серпіліс. Әрине, Чавес өзін көрсете алмады, бірақ ол үлкен жігіт әрі өз таланты бар. 160 фунтта Альварес нағыз бабында болады, ал Головкин осы жекпе-жекке ынталы. Осы жағдайлар жекпе-жекті қыздыра түседі", - деп жазады Boxingnews24.com сайты Лефлердің сөзін.


Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.


Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.


 




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.07.2017, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31