Өркениет

13 жастағы қазақ қызы Италиядағы байқаудың жеңімпазы атанды (видео)

  • Көрнекі фото: kidsmusic.info

    Көрнекі фото: kidsmusic.info

13 жастағы Аружан Ардақ Италиядағы Premio Mia Martini байқауының вокалдық сыйлығын иеленді. Кішкентай ару ТМД елдерінен барған қатысушылар арасында байқаудың финалына жалғыз өзі өткен деп хабарлайды NUR.KZ.


1995 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Premio Mia Martini байқауының сыйлығын алғаш рет Қазақстан азаматы жеңіп тұр. Оған 4-45 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады екен.


Аружанның тамаша әнінен кейін Италияда оның өнеріне табынушылар пайда болған. Оған байқауда сыйлықты қала мэрі Марио Ромеоның өзі табыстады.


Әншіліктен бөлек жасөспірім отандық телеарналардың бірінде тележүргізуші ретінде жұмыс істейді.


Сондай-ақ ол кәсіби фотосессиялар жасап, ресейлік және қазақстандық сәнді жиындарға қатысады.


YouTube желісінде Аружанның шетелдік байқауда өнер көрсетуін 50 мыңға тарта адам көріп, жақсы пікірлерін білдірген. Көпшілік еліміздің кішкентай жұлдызын мақтан тұтатындарын жеткізіп, оған сәттілік тілеуде.


 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30