Өркениет

2017 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталды

  • 2017 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталды

    2017 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталды

Әдебиет саласы бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығының иегері анықталды. Биыл бұл атаққа тегі жапониялық британ жазушысы Кадзуо Исигуро ие болды.


Мәртебелі сыйлыққа таласта Кадзуо Исигуро басты үміткерлер қатарында болған жапон жазушысы Харуки Мураками мен сириялық ақын Адонистен озық шықты.


Кадзуо Исигуро 1954 жылы Нагасакиде мұхиттанушының отбасында дүниеге келген. Әдебиеттегі жолы 1981 жылы басталыпты. Алғаш рет ертегі жазып, оқырмандар талғамынан шыққан. 1982 жылы алғашқы романын жазған. Араға 4 жыл сала «Тұрақсыз әлемнің суретшісі» романын аяқтаған.


Жазушы бірінші романынан кейін-ақ «ең жас британдық жазушы» грантына ие болған. Ол «Өткен күннің қалдығы», «Мені жібере көрме» және «Көмбедегі дәу» романдарымен танымал. Шығармалары әлемнің 30-ға жуық тіліне аударылған.


Кадзуо Исигуро әйелі Лорна Макдугал және қызымен бірге Лондонда тұрады. 2005 жылы жазған «Мені жібере көрме» романы "Time" журналы түзген ағылшын әдебиеті тарихындағы үздік 100 роман рейтингіне енген.


Нобель сыйлығы жазушыға «романдарында ерекше көңіл-күй құдіретін аша біліп, адамды әлеммен байланыстыратын елес сезімге тартар тұңғиықты аша білгені» үшін табысталды деп хабарлайды швед академиясы.


Марапаттау шарасы 10 желтоқсан күні (Альфред Нобель дүниеден озған күн) Стокгольмде өтеді.


2017 жылғы Нобель сыйлығын алған ғалымдарға 9 миллион швед кроны табысталады. Бұл дегеніңіз - 1,118 миллион АҚШ долларына тең.


Өткен жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын америкалық музыкант Боб Дилан иеленген болатын.


Айта кетейік, осыған дейін физология мен медицина және химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталған еді.


massaget.kz




Көрілген: 849    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 06.10.2017, 22:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30