Алаш баласы, айнаңа қара!

сейсенбі, 28.02.2017



Өркениет

Абай ағылшынша «сөйлейді»

2000 жылы «Халықаралық Абай клубын» ашып, қазақ ойшылдарын әлем жұртшылығы назарына ұсынуға ұйытқы боп жүрген, әйгілі қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевтың еңбегін ерекше атауға болады. Оның бастамасымен күні бүгінге дейін Қожа Ахмет Яссауи, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сынды тұлғаларымыздың еңбектерін итальян тілінде сөйлеткен «Халықаралық Абай клубы» енді бүгін қазақтың бас ақыны, ойшыл, дана Абайдың «Қарасөзін» тұңғыш рет қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарыққа шығарды.


Туынды тек әдеби шығарма ғана емес, сондай-ақ қазақ, ағылшын тілдерін үйренушілерге таптырмас оқу құралы деуге болады. Сол себепті таралымы 4000 дана бұл кітаптың тең жартысын ел Үкіметі өз мойнына алып, мектептер мен кітапханаларға тегін тарататын болыпты. Бұл да болса, игілік. Және бір айтарлығы кітаптың экологиялық таза қағазға басылып отырғандығы. Батыста мұндай интегралды кітап шығару ісі әлдеқашан-ақ жолға қойылса, бізде бұл – тұңғыш экологиялық таза туынды. Қолға ұстағанда да кітаптың ерекшелігі бірден байқалады: құстың қауырсынындай жеп-жеңіл, әрі таза, исі де жағымды. Әрине, бұл кітаптың сыртқы сапасы жайлы, ал ішкі сапасы жайлы әңгіме әлдеқайда тереңірек екені даусыз.


Роллан Сейсенбаев, жазушы, «Халықаралық Абай клубының» президенті:

– Абайдың қарасөздерін орысша, ағылшыншаға аудару әрине, оңайға түскен жоқ. Әр тілге екі жылдан астам уақыт кетті. Ағылшын тіліне аударған ағылшынның атақты түркітанушы ғалымы, жазушысы, ақыны Ричард Маккейн. Бұл кісі бүкіл түріктің ұлыларын, сонымен қатар Борис Пастернак, Марина Цветаева, Анна Ахматоваларды ағылшынша сөйлеткен. Енді, міне, қазақтың ұлы ақыны, ұлы ойшылы Абайды бүгінде әлем жұртшылығы оқи алатындай ағылшыншаға аударып отыр.

Абайдың орысша «сөйлеуі» таңсық болмаса да, ағылшынша «сөйлеуі» – қазақтың ішкі жандүниесі, тарихы, философиясы әлемге айқара есік ашты деген сөз емей, немене? Әлем жұртшылығы енді Абай арқылы қазақтың қандай дана халық екендігін біледі деген ой көңілге қуаныш ұялатады. Абайдан кейінгі қазақ ардақтыларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы екені даусыз. Роллан Сейсенбаев Абайдың «Қарасөздерінен» кейінгі кезекте осы Шәкәрім туындылары тұрғанын, оны ағылшыншаға аудару жайлы тіпті Ричард Маккейнге ұсыныс жасап қойғандығын айтты.


 




Көрілген: 1958    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 22.04.2010, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28