Ағылшыншаны қазақшаға тікелей аудара алатын болдық

Ағылшыншаны қазақшаға тікелей аудара алатын болдық

Жуырда ағылшынша-қазақша онлайн сөздік ашылды, адресі: www.eng-kaz.kz. Бұл тек қана сөздік емес, аудармаға қажет көмекші құрал. Еңбектің туу тарихы жәнебасқа да мәліметтерді аталған сайттан табуға болады.
Сайтты жасаушылардың айтуынша, сөздікті құрастырудағы мақсат – осы қазақ тілін, қазақша сөздіктерді насихаттау. Бұған дейін 2013 жылы үлкен «Ағылшынша-қазақша» сөздіктің І томы кітап болып шыққан еді. Осы сөздіктің авторының рұхсатымен сөздіктің онлайин нсұқасы жасалды.
Аталған сайт алдарыңыздағы еңбек жоспарланған сөздіктің 1/5 ғана. Себебі, оның келесі бөлімдеріне автор енді ғана кірісуде.Жобаның мақсаты - қазақ тілді ақпарат кеңістігін ұшы-қиыры жоқ мұхитқа ұқсаған ағылшын тіліндегі информация әлемімен тікелей байланыстыратын ағылшын-қазақ тілдік арнасын түзу.
Бұл еңбекке «Oxford Advanced Learner’s Dictionary of Current English» ағылшын тілінің түсіндірме сөздігі негіз болды; сөздікке ендірілген сөздерді қолдануға қатысты мысалдардың, идиомалар мен фразалық тіркестердің басым көпшілігі жоғарыда аталған сөздіктен алынды. Бұл жердегі негізгі мақсат сөздердің қазақ тіліндегі эквиваленттерін тауып қана қоймай, қазақ тілінің табиғаты мен сөз саптау дәстүрі, сондай-ақ стилистикалық ерекшеліктерін сақтай отырып аударуға жете мән берілді.  Айта кету керек, сөздікті құрастырғанда қолданылған осындай тәсіл ағылшын сөздерінің қазақша баламаларын кеңінен қамтып, олардың стилистикалық реңктерін де нақтылай түсуге үлкен септігін тигізді.
Сөздіктің қорын кеңейту, сондай-ақ таныстырма сөздердің мән-мағыналарын анағұрлым толық қамту мақсатымен «Webster’s Encyclopedic Unabridged Dictionary of the English Language» және «Longman Dictionary of Contemporary English» сөздіктері де қолданылды.
В.К. Мюллердің «Большой англо-русский словарь» сөздігі және орысша-қазақша-орысша сөздіктердің (Русско-казахский словарь. I – II тома под редакцией Г.Г. Мусабаева, Н.Т. Сауранбаева (1978-1981); Казахско-русский сельскохозяйственный словарь, Тлемисов Х., Рамазанов Е., Алматы, Кайнар, 1994; www.sozdik.kz (орысша-қазақша-орысша интернет сөздігі); Қазақша-орысша сөздік, русско-казахский словарь под редакцией Р.Г. Сыздыковой и К.Ш. Хусаина, Алматы 2008; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, жалпы ред-н басқарған Т. Жанұзақов, Алматы 2008) көмегімен жан-жануарлар мен өсімдіктер, минералдар мен басқа да ғылыми немесе қалыптасқан, жалпы мойындалған терминдер мен түсініктердің аттары мен атауларының қазақша баламаларын табуға да талпыныстар жасалды.
«English-Urdu, Urdu-EnglishDictionary» сөздігі қазақ тіліне араб, парсы және басқа да шығыс тілдерінен енген сөздердің (мыс: зирә, бадам, дәліз, һақ, хұқық, пенде, перзент және т.б.) табиғатын тануға септігін тигізді.
Бұл еңбектің көзделген үлкен жобаның бестен бірі ғана екендігіне қарамастан, оны ағылшынша-қазақша сөздіктер құрау саласындағы тың әрі ірі қадам деп нық айтуға болады. Тек әртүрлі тілдік және көптеген салалық сөздіктерді құрастыру, сондай-ақ оларды кеңінен қолдану арқылы ғана қазақ тілінің деңгейін көтеріп, оған қазіргі заман ағымымен бірге жылжуға мүмкіндік тудыруға болады.
Бұл еңбекті жалпы лингвистикалық сөздік әрі аударма ісіне қажет көмекші құрал ретінде қарастырған жөн. Сөздік ғылыми тұрғыда, көптеген мысалдар арқылы ағылшын тілінен қазақшаға толыққанды аудармалар жасау мүмкіндігін кеңейтеді. Осылайша бұл еңбек қазақтілді ақпарат кеңістігінің қазіргі орыс тілінде бар әрі орныққан ақпарат көздерімен қатар, ағылшын тіліндегі информация қайнарларына да жол ашуына септігін тигізбек.
Үлкен сөздікті құрастыру ірі энциклопедияны құрастырумен тең: үлкен ғылыми еңбекті түрлі ғылыми көздер мен көптеген салалық сөздіктерсіз жасау мүмкін емес. Сондықтан да, ойластырылған жобаның бестен бірін тындыру үшін он бес жылдай уақыт кетті. Бұл - көптеген эксперт-филологтардың, ғылыми институттардың және де қоғам өкілдерінің қауырт та қоян-қолтық жұмысын қажет ететін үлкен еңбек. Сондықтан да, бұл сөздік қазақстандық және шетелдік лингвистердің, филологтардың, сондай-ақ ғылымның басқа да салалары өкілдерінің назарын өзіне аударады деген ойдамыз. Бұл өз кезегінде тың ғылыми идеялар мен бастамалардың пайда болуына да септігін тигізері сөзсіз.
Егер, сөздікке қатысты сауалдарыңыз, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз не қосымшаларыңыз болса, мына электронды почтаға жолдауларыңызды өтінеміз: engkazkz@gmail.com.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста