Өркениет

Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады

  • Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады

    Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады

 КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет ел алдында бұрынғы сүйіктісі Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады. Ақбота “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасы барысында Дәуренмен айырылысып кетсе де, оған кек сақтамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.


Жеке өмірі туралы ағынан жарылып сұхбат берген Ақбота өзін тәрбиелеп өсірген апасына алғысын жеткізе отырып, жерге қаратқаны үшін кешірім сұрады.


“Мені асырап-баққан, бар жиған-тергенін маған төккен, жұрттан кем қылмай өсірген, ата-анассыз өссем де жетімсіремесін деп барын берген апам мен бауырыма үлкен алғысымды айтамын, кешірім де сұраймын. Екіншіден, мені үлкен сахнаға алып шыққан, жетістікке жеткізген Баян Мақсатқызынан да кешірім сұрамаған болатынмын, осы бағдарламаның арқасында рахметімді де айтқым келеді. Кімді ренжіттім, бауырларым, достарым, бәрінен кешірім сұраймын”, – деді көңілі босаған Ақбота.


Ақбота әлеуметтік желі арқылы намысына тиіп, түрлі сөздер жазған Дәурен Айдарқұловтан да кешірім сұрады.


“Және өзімнің жолдасым Дәуренді де біраз ренжіткен шығармын. Ол кісінің де жүрегі ауыратынын білемін. Сондықтан ол кісіден де кешірім сұраймын және өзімнің әлі күнге дейін ренжімегенімді айтқым келеді”, – деген Ақбота көзіне жас алып, жылап қалды.


Stan.kz.




Көрілген: 1904    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 22:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30