Өркениет

"Ақшамды қалай жұмсайтыным өз қалауым": Гүлзира Айдарбекова оқырманымен сөзге келіп қалды

  • © 365info.kz

    © 365info.kz

Гүлзира Айдарбекова тағы да оқырманымен сөзге келіп қалды. Бұл жолы желі қолданушыларының бірі Үсенқызының ашкөздігін алға тартып, сынға алған. Қайрат Нұртастың анасы қалтасындағы ақшасын санаған әйелге жауап берді.


Айдарбекова косметологтың қабылдауында болған сәтін желідегі парақшасында жариялады. Сөз арасында ботоксты қойғанын, енді тек массаж алып тұратынын айтып қалды. Желі қолданушыларының бірі Айдарбекованың әрекетіне сын айтқан.


“Бетіңіз таза ғой, ақшаңыз көп қой. Сол косметикаға барғанша ол ақшаны жетімдерге беріңіз. Мен солай істеуші едім, ақшам көп болса. Өзгеге мен кетірмеуші едім. Бұл менің ойым”, – дейді Ақмарал Ғабитова есімді оқырман.


Қайрат Нұртастың анасы үнсіз қалмады. Ол көп күттірмей ақшасын санаған әйелге жауап берді.


“Сіз өз ойыңызбен тіршілігіңізді жасай беріңіз. Беретін адамдарым жеткілікті, оның бәрін Алла разылығы үшін жасаймын. Өзіме қарауға уақыт бөлсем, ол да менің қалауым.


Әр адам өзіне жауап берсе болғаны. Біреудің ала жібін аттасам айтуыңызға болады. Ақша тапсам, менің қалтама ешкім салып беріп жатқан жоқ. Еңбек қалай жасайсың, зейнеті өзіңе.


Менің ақшамды қалай жұмсайтыным өз қалауым, ақылыңыз жетіп жатса өзіңіз тауып қалағаныңызды жасай беріңіз, не істейтінімді сіз шешпесеңіз де болады”, – дейді Гүлзира Үсенқызы. 


365info.kz




Көрілген: 1088    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30