Өркениет

Ақын Ерлан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

  • Ақын Ерлан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

    Ақын Ерлан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

Талдықорғанда Қазақстан жазушылар одағының аймақтық филиалы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Елдегі ең ірі шығармашылық ұйымының Жетісу жеріндегі бөлімшесін ақын Ерлан Жүніс басқаратын болды. Бүгін жетісулық зиялы қауым өкілдеріне филиалдың жаңа директорын одақ төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек таныстырды. Ақын Ерлан Жүністің есімі өлең сүйер қауымға жақсы таныс. Ол «Хауас», «Үміт жырлары» сияқты бірнеше жыр жинақтарының авторы. 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде гран-при мен Президент кубогын жеңіп алған. Мемлекеттік сыйлық пен «Дарын» сыйлығының иегері.



Поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ақын енді жетісулық қаламгерлердің мүддесін қорғауға қызмет етпек. Әрі түрлі әдеби іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Өңірдегі жазушылар одағының 120-дан астам мүшесі бар. Ақын-жазушылар одақ филиалының жас әрі жаңа басшысына зор сенім білдіріп, қызметіне табыс тіледі.





Көрілген: 1367    Пікірлер: 0

жұма, 30.03.2018, 23:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31