Өркениет

Алаш ақынының оқулары өтетін болды

  • Алаш ақынының оқулары өтетін болды

    Алаш ақынының оқулары өтетін болды

Алдағы жылы Алаштың аяулы ақыны - Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толады. Осыған орай «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы депутаттық сауал жолдап, республика көлемінде Мағжан оқуларын өткізуді ұсынған еді. Депутат Берік Дүйсенбинов жариялаған бұл сауалда «Алаштың мағынасы бір ғана жүз жылдығымен шектелмейді. Біртуар тұлға Мағжан ақынның аманатын ақтауымыз үшін биылғы Алаштың 100 жылдық мерейтойы келесі жылы Мағжан оқуларымен жалғасын тапса деген ұсынысымызды Мәдениет министрлігіне жолдаймыз. Мағжан оқулары алдағы жылы бүкіл республика аумағында өткізіліп, ал оның қорытындысы Мағжан Жұмабаев туған өлкесі Қызылжарда жасалғаны жөн. Ал болашақта Мағжан оқулары, атаулы даталарда ғана емес, жыл сайын тұрақты өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді» делінген.

Енді міне, Мәдениет және спорт министрлігінен қуанышты жауап келді. Аталған министрлік «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Мағжан оқуларын» ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлапты. Алаш ақынының оқулары оның туған жері - Солтүстік Қазақстан облысынан бастау алмақ. Ақынның мерейтойы аясында дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер, ғылыми конференциялар, кітап көрмелерін ұйымдастыру да көзделген.


«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31