Алаштың ардақты азаматы Асқар Жакулиннің асы өтті

Алаштың ардақты азаматы Асқар Жакулиннің асы өтті

Жүрегі елім деп соққан отансүйгіш, жомарт, еңбекқор азамат Асқар Әнуарұлы Жакулиннің өмірден өткеніне де екі жыл өте шығыпты. «Таулар алыстаған сайын биіктейді» демекші, Алаштың ардақты азаматы Асқар өмірден өткенімен, оның қалдырған ізі өшпейді. Өйткені оның ошағының отын сөндірмейтін аяулы жары Жайна, ұрпақтары Айдана мен Айқұт бар, көзі тірісінде бастаған ісін жалғастырып келе жатқан ұжымы, туған-туысы, ел-жұрты бар. 2-ақпан күні Асқар Әнуарұлының қайтыс болған күніне орай жары Жайна Жакулина және өзі негізін қалаған «Ас-ай» компаниясының ұжымы марқұмның рухына құран бағыштап, ас берді.

Бүгінде кемеңгер басшы, аптал азамат, қамқор әке, аяулы жар болған Асқар Жакулинды жақындары сағынышпен еске алады. Оның өнегелі өмірін үлгі тұтып, бастаған әрбір ісін жалғастыруға тырысады. Асқар Жакулин дүние салғаннан соң да оның ізбасарлары өздерінің ынтымағы жарасқан, жұдырықтай жұмылған ұжым екендерін дәлелдеп келеді.

Бүгінде «Ас-ай» компаниясы жасымай ісін жалғастыруда. Жайна ханымның Асқарға деген махаббаты мен сағынышы, ұжымға деген қамқорлығы, ізгі ниеті, жауапкершілігі, іскерлік ұстанымдарымен қатар жарының есімін халық жанында қалдыруға деген құлшыныстары, Асқардың ісін жалғастырсам деген ынтасы «Ас-ай» компаниясын биіктерге жетелеуде. Бүгінде компания Асқар Жакулиннің мақсат еткен мұраттарына жол тартуда.

Асқа жиналған қауым Асқар Жакулин жайлы әдемі естеліктерімен бөлісті.

Асқардың атасы Жәкула Шығыс Қазақстан облысында туып-өскен адам. Жәкуләмен анасы Бәтима Құлмағанқызы Шыңжаңда әйгілі адамдар болды. Асқар тегіне тартқан, тегінің тектілігін танытқан тұлға болатын. Жәкула Күшікұлындай арыстың ұрпағы Асқар Жакулин Қытай жерінде дүниеге келіп, Германияда білім алған. Қазақстанға келіп қызмет еткен ол «Ас-ай» компаниясын құрған. Қытайдағы ең алғашқы «Ауыл» сайтының негізін қалаушы. Көптеген ғылыми, мәдени жобаларға демеушілік жасаған арда азаматтың артында бір ұл, бір қызы қалды.Енді есіл еріміздің асыл қасиеттерін айту арқылы ғана сағынышымызды басамыз дейді оның жақындары мен етене араласқан достары.

Қысқа ғана ғұмырында өлшеусіз мол өнеге қалдырып кеткен азамат соңғы демі үзілгенше елім деп өтті. Күш-қуатының барында елінің игілігі

үшін қызмет етті. Қазақстанның тәуелсіздігін өзінің бақытына балаған абзал жан өзінің елге оралуын өмірдегі үлкен жеңісім деп білді.

Қазақтың келіні Жайна Жакулина: «Қазір Асқардың рухы менің жаныммен бірігіп кеткендей, мен өзімді кейде Асқардай сезінемін» дейді. Ол жақында жарына арнап «Шексіз махаббат» атты естеліктер жинағын да шығарды. Сондай-ақ Асқар Әнуарұлы қайтыс болғаннан кейін құрылған «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық» қоры науқас балаларға қаржылай көмектесіп, көпшіліктің алғысына бөленіп келеді. Сондай-ақ қордың ұйымдастыруымен 2017 жылдың сәуір айында өткен «Жәкула Күшікұлы атындағы 9-11 сынып оқушылары арасында биология және химия пәндері бойынша V аудандық олимпиадасы» биылдан бастап облыстық олимпиада дәрежесіне жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Асқар Әнуарұлы Жакулин 2016 жылдың ақпан айында ауыр дерттен көз жұмды. Марқұмның топырағы торқа болып, жаны жәннатта шалқысын деп тілейміз. Асқар Жакулиннің рухына арналған құран марқұмның қабірін нұрландырсын!

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста