Өркениет

Алдап кетті ме - Сиви Махмуди тағы қандай уәдесінде тұрмады

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

«Айтылған сөздің, атылған оқпен пара-пар екенін» отандық шоу-бизнес өкілдері естен шығара бастағандай. Олар сұхбат кезінде серт береді, бірақ іс жүзінде орындамайды. Осыдан жарты жыл бұрын уәдені үйіп-төккен Сиви, тағы да сөзінде тұрмады. Неге?


Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.


Сиви бикеш әңгіме айтса, бар сырын ақтаратыны бар! Өткен жылы сұхбаттасқанымызда, ауқымды шоуға әзірленіп жатқанын жар сала жеткізген-ді. Сахнадағы мерейтойын, дүркіретіп атап өтуді көздеген әншінің концерті, 2018-дің сәуірінде өтуі тиіс еді.


“Құдай қаласа, 15-ші сәуірде үлкен концерт Еуропалық деңгейде. Қазірден жоспар! Күнде дайындық болып жатыр. Керемет шоу-концерт болады”, – деген еді Сиви.


Бірақ, әнші шығармашылықты да, өзі жарнамалаған шоу-концертті де естен бір жолата шығарған сыңайлы. Өйткені, өнер иесінің белгілеген күн жеткенде, еуропалық деңгейдегі кеші өтпеді.


Сивдің берген серті мұнымен шектелмейді. Сылқым сондай-ақ отандық киноқоржынға, тағы бір толықметрлі картина қосатынын айтқан-ды! Бірақ, тағы да жоспар жүзеге асқан жоқ!


“Қаңтар айының аяғында, бәрі дайын! Бүкіл сценарий, коллектив, команда, актерлар. Басты рөлде үш жігіт ойнайды, комедия жанрында”, – деген еді Сиви.




2018-дің қаңтарында таспалануы тиіс киножобадан әзірге еш хабар жоқ! Себебін білмекке, сұрау салғанымызда Сиви мардымды жауап айтпады.


“Қазір қол тимей жатыр. Бірақ жоспарда бар. Сөйлесіп жатырмыз. Болашақтың еншісінде. Бұрынғыдай емес. Бұрын адастық, көрдік дегендей. Енді, қазір комедия жанры жақсы өтіп жатыр ғой. Сол комедия жанрында, бір кино түсірмек ойымыз бар”, – дейді Сиви.


Бұл Махмудидің кезекті құрғақ уәдесі ме, әлде бикеш жаңа жобаға шынымен білек сыбана кіріспек пе? Келешек көрсетеді!


kaz.caravan.kz

 




Көрілген: 1611    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31