Өркениет

Әли Оқапов Ақботамен арадағы махаббаты туралы бар шындықты ашық айтты

  • © nur.kz

    © nur.kz

Әли Оқапов таяуда ғана Ақбота Сейітмағамбетпен арадағы бұрынғы махаббат хикаясын жария еткен еді. Жеке өміріндегі жаңалық жайлы ешбір жанға тіс жармаған әнші, NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, осы уақытқа дейін сезімдерін жасырудағы мақсатын түсіндірді.


«Біріншіден өтіп кеткен жағдай. Екіншіден қыз бала үшін ер адамға қарағанда қиындау. Біз ешқашан ақылдасқан жоқпыз жасырамыз деп. Артық сөз болмасын деп, сондай шешім қабылдадым. Ал өткендегі сұхбатта мен уәде бердім. Шын жауап беремін деп. Мен психологиялық тұрғыда толығымен дайын болған соң, сондай сұрақты күткенмін іштей. Сол сұрақ болды, мен нақты жауап бердім», - дейді Әли.

Дәл осы сұхбат жарыққа шыққанда экс-ғашықтардың махаббаты жайлы БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын. Бірақ дүйім жұртты дүрліктірген ақпараттан кейін Ақбота Әли жүздеспеген. Соған қарағанда «Кешьюдің» бұрынғы әншісі Оқаповтың сөзін растай түскендей.


«Қазір Ақботаның жеке өмірі бар. Баласы бар дегендей. Сондықтан осы ақпарат ешбір кедергі жасамайтын сияқты. Өйткені өтіп кеткен оқиға. Ақботада менің жеке нөмерім бар. Біз сирек болса да хабарласып тұрамыз. Мүмкін ренжісе маған жазар еді, хабарласып айтар еді. Неге сен солай айттың дегендей. Егер ренжитін болса, менде өзімнің атымнан ер азамат ретінде кешірім сұрауға дайынмын. Шынымен екеуіміз үшін мен шешім қабылдадым. Ол бір жағынан дұрыс емес. Екінші жағынан ол менің жеке өмірім. Менде өзім шеше аламын дегендей. Өйткені ақылдасуға уақыт болған жоқ. Айтуға бола ма? Жоқ па дегендей... Дәл сол жерде сұрақ қойылды мен жауап бердім. Ақботаның өзі ештеңе демегеннен кейін оған да пайдасын тигізген шығар. Түсінген шығар», - дейді Оқапов.


Әли сұлуға сезімін білдірген сәтте, Ақбота «Кешью» тобына енді қабылдаған кез болса керек. Екі жастың махаббат хикаясы ұзаққа созылмаған. Әрі өзара мінездері де сәйкес келмеген көрінеді.


«Иә, махаббатымыз ұзаққа барған жоқ. Бірнеше айға созылды. Екеуміздің де сезіміміз болды. Бірақ осындай шешімге келдік. Мүмкін ол тым жас болған шығар. Топтағы жұмысы маған кедергі емес. Ішкі дүниесі кішкене жастау болған сияқты. Соған байланысты кішкене түсініспеушіліктер пайда болды. Сөздің шыны керек. Ешбір ұрыссыз, ренжусіз осылай шешімге келдік. Жалғастырмаймыз, доғарайық дедік. Жарайды деп, екеуіміз дос, әріптес болып қалдық. Өйткені бейнбаянға да келді. Қолдады байқадыңыздар. Бірде-бір тиын алған жоқ», - дейді әнші.


Қазір Ақбота ана атанды. Бірақ баласының әкесі Дәурен Айдарқұловпен бірге емес. Ал Әли Оқапов болса тағдырдың тауқыметін ерте тартқан бикешпен тек дос әрі әріптес болып қалуды ғана жөн көреді.


«Қазір бойдақ, бойдақ емес екенін білмеймін. Біз нақты білмейміз. Кей кездерде бойдақ болады. Кей кездерде қосылады дегендей. Біреудің жеке өмірінде менің шаруам жоқ. Олардың да арасында көптеген тосын жағдайлар болған. Дегенмен басы бос болса да, бос болмаса да, біздің әңгімеміз бітті деп айтуға болады. Сондықтан оны қайта жаңғыртудың ешбір себебі жоқ деп ойлаймын», - деп соңғы сөзін айтқан Әли, Ақботамен арадағы қарым-қатынасқа нүкте қойғанын жеткізді. 




Көрілген: 2864    Пікірлер: 0

жұма, 16.03.2018, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31