Алжан ата мешіті Қарасаздықтардың қуанышын тасытты

Алжан ата мешіті Қарасаздықтардың қуанышын тасытты

Жуырда Мұқағали дүниеге келген Қарасаз ауылы шат-шадыман қуанышқа кенелді. Керегесі әдемі қызыл кірпіштен қаланған еңселі мешіт ғимараты ақын ауылының көркіне көрік қосты. Сөйтіп, ұзақ жылдардан ауылдың олқы соғып тұрған тұсы бүтінделді. Имандылық жолына түскен жастардың әсіресе, ел ағалары, қариялар қауымының қуаныштары асқақтады.
120 адамға арналған сәнді де сымбатты, алыстан мен мұндалап көрінетін Алланың ақ ордасы жақсылап қоршалған. Арт жағында көліктер тұрағы бар. Бар жағдайы жасалынған мешіт заманауи үлгіде көз тартады.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ақын ауылының ажарын ашқан мешітті қолға алған, бастамашы болған өңірден шыққан айтулы ел ағасы, туған тілін, дінін жоғары қоятын елжанды азамат Тоққожа Естенов болса, оны салғызған ауылдан шыққан кәсіпкер азамат Манап Нөкеев. Бір сөзбен айтқанда, Алжан ата мешітін тұрғызған азаматтар елдің алғысына бөленді. Оларға Алланың нұры жаусын деген тілек пен ниеттер арнасынан асып-тасып жатты.

  Алжан ата мешітінің ашылу сәті
Мешіттің салтаннатты ашылуында Айбын Жамали атты жас ақын жырдан шашу шашты. Ел мен жердің қуанышына ортақтасқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков жүрекжарды игі тілегімен қатар облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың сәлемін жеткізді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлихан Тойбаев пен Тұрарбек Асанов, облыстық білім саласы кәсіподағының төрағасы Тоққожа Естенов, Райымбек ауданының әкімі Қыдыркелді Медеуов, филология ғылымының кандидаты, Мұқағалитанушы ғалым Жұмаш Өтеев жиналған жамағатқа бүгін есігі ашылған мешіт имандылықтың, ізгіліктің, рухани дүниенің ордасына айналсын, құшағы Аллаға құлшылық еткен қалың еліне толы болсын деген жақсы тілектерін жеткізді. Халықтың жақсылығына Қазақстан судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров бастаған көптеген зиялы қауым өкілдерінің қатысқанын айта кеткен жөн. Осы күні ауыл әкімі Бекасыл Сыпатаев, Албан Асан Барманбекұлы атындағы мектеп-гиназияның директоры Әділжан Нөкеев, ауыл имамы Нұрболат Сүлейменов бастаған ауыл тұрғындары қонақжай пейілдері мен көңілдерінің нұрына бөлегендей болды. Алжан ата мешітінің ашылу салтанаты Қарасаз ауылы маңындағы көк құраққа арнайы тігілген ақ боз үйлердің ақ дастархандарындағы ақ тілектермен, сахна төрінен шырқалған әсем ән, тәтті күйлермен, түрлі ұлттық ойын түрлерімен өрнектеліп, ел есінде қалып қалды.
Райымбек ауданы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста