Өркениет

Алтынай Жорабаева екінші мәрте тұрмысқа шықпақшы

  • Сурет ғаламтордан алынған

    Сурет ғаламтордан алынған

Ажырасқанына екі жылдан асып кеткен Алтынай Жорабаева жақсы жар жолықса, тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Әншінің айтуынша, екінші мәрте тұрмысқа шығуын оның қыздары мен ата-анасы да қолдап отыр. Сәбитпен үйленгенде ақ көйлек кимедім деген әртіс, ендігі тойында қыздарыммен ақылдасатынын жеткізді.


"Алдын -ала тон пішпей ақ қояйын. Енді оны уақыт көрсетеді. "Бақыт — тыныштықты жақсы көреді" дейді. Менің ұстанымым солай, тыныш қана бала-шағам, болашақ жарым кездесіп жатса сонымен бақытты болып жүру. Тұрмысқа шығып жатсақ жариялап айтамыз ғой. Ол міндетті түрде ақ көйлек киіп, үлкен той жасап дегендей емес. Мен бірінші тойымда да ақ көйлек киген жоқпын. Ондай үлкен той болған жоқ, тек қазақша құдалық болды. Мен ол кезде "неге?" той болмады деп сұраған да жоқпын. Ақ көйлек кию жағын төрт қызыммен ақылдасамын. Олар не айтады, сол болады",- дейді әнші.


Әншінің әкесі қызына екінші рет тұрмысқа шығу туралы кеңес беріп, елдің өсегіне қалмауды айтқан. Ал қыздары болса өз кезегінде аналарының бақытты жүзін көргенге қуанбасақ, қызғанбаймыз деп ашып айтыпты.



"Үйде ашуланып, күйзеліске түскен кезде қыздарым айтады ғой. Бір күн ақылдасып, сөйлесіп отырып: "Егер маған болашақ адам кездесіп, сонымен отбасы құрамыз деп жатсақ қалай қарайсыңдар?" дегенімде, екі үлкен қызым былай деді: "Онда тұрған ештеңе жоқ. Сіз әлі жассыз ғой, сіздің бақытты болып жүргеніңіз бізге де жақсы. Егер сізді біреу алақанына салып, мәпелеп жатса неге қуанбасқа?! Біз қызғанбаймыз, керісінше қуанамыз" деп айтты.


Әкем айтады: "Жақсы жар кездессе, тұрмысқа шығып ал. Әйтпесе, өсек болып кетесің деп. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан деген. Жалғыздық - құдайға ғана жарасқан дейді. Сол себепті кез-келген әйел болсын, ер азамат болсын бақытты болуға лайықты деп ойлаймын! 


Nur.kz




Көрілген: 3166    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 27.10.2017, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30