Өркениет

Алтынай Жорабаева сотқа не үшін шақырту алғанын айтып берді

  • © Foto :

    © Foto : "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева айына 6 мың доллар несиесін төлей алмай қиналған күндері туралы айтып берді. Тіпті, осы жағдайға бола әншінің сотқа шақырту алған кездері болған екен.


Несие алып аузы күйген жандардың бірі — Алтынай Жорабаева. Ол бір кездері банктен алған несиеге бола қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді.


"Иә, 2003-2004 жылдары менің басымда несие болды. Көлігімізді несиеге алып, кейін оны жаптық. Осыдан кейін жер үйді несиеге алдық. Үй менің атымда болғандықтан, сотқа шақырту алған жағдайлар болды", — деді Алтынай Жорабаева "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында.


Әншінің несиені төлей алмауына концерт пен тойдың бәсеңдеуі де әсер етсе керек. Десе де, Алтынай Жорабаева жуырда осы несиесін толықтай өтегенін айтты.


"Үйлердің бағасы жоғары болып тұрған кезде айына 6 мың доллар төлейтінбіз. Осы ақша бір жылдай уақыт төленбей қалды. Осының салдарынан іс сотқа кетіп қалған жағдайлар болды. Бірақ шамамен екі жыл бұрын жалғыз өзім несиені толықтай төледім", — деді әнші.


 Sputnik




Көрілген: 1617    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.10.2018, 22:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30