Өркениет

Алуа Қонарова алты жыл бойы Баян Алагөзовамен соғысқанын айтты

  • Алуа Қонарова алты жыл бойы Баян Алагөзовамен соғысқанын айтты

    Алуа Қонарова алты жыл бойы Баян Алагөзовамен соғысқанын айтты

 Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова «The Эфир» жобасына берген сұхбатында Баян Алагөзовамен арасында болған кикілжің туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Продюсер кезінде өзі бастап құрған «Кешью» тобы туралы айтты. Алғашқы жылы қыздармен продюсер ретінде жұмыс істеген Алуа «Ринго» тобы құрылғаннан кейін әнші қыздарды Баянға беруді жөн көрген екен.


Айтуынша, Баянның ол кезде продюсер ретінде тәжірибесі болмағандықтан, алғашқы бейнебаян түсірілімінде көмектескен.


«Баян менен өзі қоңырау шалып, ақыл-кеңес сұрап тұратын. Кейін арамызда келіспеушілік пайда болып, ұрыс-керіске айналды. Бұл расымен де соғыс болатын. Бірақ уақыт өте келе екеуіміз бір телевизиялық жобада кездестік. Сонда отырып, екеуіміз айқай-шуды жылы жауып қоя салу туралы сөйлестік. Біз қазір көп өзгердік. Барлық реніштерге нүкте қойдық», - деді ол.

Атышулы продюсерлер арасындағы реніш алты жылға созылған. Алуа екеуінің арасындағы ұрыстың себебін бәсекелестік деп көрсетті.


«Бәлкім сол кезде «кім мықты» деп таласқан шығармыз? Әлі есімде сол уақыттарда белгілі бір баспа жыл сайын ең үздік продюсерді анықтайтын. Баян екеуіміз кезектесіп, бірінші орында тұратынбыз, яғни бірде ол, бірде мен», - деді. 


NUR.KZ




Көрілген: 2338    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 21:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31