Әміренің "Славян базарында" қыз зорлағаны рас па?
Осыдан біраз уақыт бұрын "Славян базарына" қатысып, Роза Рымбаеваның қошеметіне бөленген Ернар Садырбаевтың (Әміре-ред) Витебскіде қыз зорлағаны жайлы сыбыс тарап кеткен болатын. Көпшіліктің көкейінде жүрген сан сауалға Әміренің өзі "Ел аузында" бағдарламасы арқылы жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Өзінің осы байқаудан соң мүлде өзгермегенін айтқан Ернар Садырбаевтың Польшадан келген сұлуға көз салып, тіпті зорлағаны жайлы ақпарат тарап кеткен болатын.
Бұл сұраққа әншінің өзі жауап қайтарды.
"Ұнаған қыздарға тиісі бересің ғой. Мен сүйгім келсе сүйетін едім", - деп жауап берді Әміре.
Айта кетейік, Халық әртісі Әміре (Ернар Садырбаев) үшін Ернар Айдарды "той әншісі" деп сынаған да болатын.
Ал Ернар Айдар өзіне сын таққан Роза Рымбаеваға жауап қайтарып, сын арқылы түзелетінін жазды.