Әннің авторы кім: Роза ма әлде Жеңіс пе?

Әннің авторы кім: Роза ма әлде Жеңіс пе?

Кеше «Алаш айнасы» интернет-порталында «Ән ұрлауға қатысты әлеуметтік желіде тағы да дау шықты» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Нақтырақ айтқанда, ол ақпарат «Инстаграм» және «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі Ғани Мәтебаевтың жеке парақшасынан алынған еді. Онда «Әдемі-ай» дуэті мен Роза Әлқожаның өзара диалогы жарияланған. Сол мақалаға орай өзін осы әннің авторы санайтын Жеңіс Пәрімбеков есімді азаматтан редакциямызға жауап келді. Назарларыңызға сол жазбаның түпнұсқасын ұсынып отырмыз.

«Құрметті оқырмандар! «Алаш айнасына» жазылған мақаланы көріп жағамды ұстадым. Оқырмандар үшін қысқа түсініктеме беріп өтейін:
1. Бірінші қарапайым логикалық дәлелдемеден бастайық. Бұл әнге қатысты үш автор бар. Бірінші мәтін авторы Т.Ильясова. Екінші мәтін авторының рұқсатымен 2012 жылы Ж.Пәрімбеков әуен жазып «Мүмкін екен» әні дүниеге келеді, өзінің және мәтін авторының авторлық құқығы қорғалған. Үшінші автор Роза Әлқожа, ол 2013 жылы осы мәтінге автордың рұқсатымен «Сағыныш» әнің жазады (жоғарыда көрсетілгендей клипы да түсірілді). Қызығы үш авторлардың бір – біріне деген претензиясы жоқ. Бір мәтінге бірнеше ән жазуға болатының олар жақсы біліп отыр. Жоғарыдай мақала жазуға тек үшеуінің ғана құқысы бар егерде бірінің құқығы тапталған жағдайда. Алайда мақаланы белгісіз төртінші адам жазып отыр.
2. Мақалада «Роза Әлқожаға тікелей қатысы бар екенін біле тұра, өнерге еш қатысы жоқ тараздық Жеңіс Паримбековке жаңа нұсқасын жаздыруға тапсырыс берген екен», - деп жазылыпты. Біріншіден Ж.Пәрімбеков «Мүмкін екен» әнің 2012 жылы жазған (барлық аудио басқада дәлелдеме құжаттары архивте сақтаулы), ал Р.Әлқожаның «Сағыныш» әні 2013 жылы жазылған. Екіншіден ешқандай «Әдемі-ай» дуэтынен тапсырыс болмаған. Ж.Пәрімбеков оларға өзі ұсынған. Алғашқыда «Әдемі-ай» дуэтіне көңілді ырғақты «Ән сал жаным» әнің ұсындым. Олар қабыл алып, - «Бізге аға негізі лирикалық, драмалық ән керек еді», - дегені барма. Сосын менде бір сүрленген ән бар еді «Мүмкін екен», бірақ жолы оның ауыр» - деп тындатқаным сол еді. – «Осы бізге керегі, іздегеніміз де сол!», - деп қуанып осы әнді жүрегімен қалап алды. Кейіннен де «Әдемі-ай» дуэтының қыздары Әсем мен Әселмен араласқанымда аңғарғаным, олар әке-ананың мол тәрбиесін көрген, инабатты, ибалы, жауапкершілігі мол жаңдар болып шықты. Бұл мен үшін маңызды еді. Өйткені мен үшін ең бірінші кезекте әрдайым адамгершілік қасиет алдынғы кезекте тұратын.
3. Мақалада «бір дуэт менің дәл осы әніме ұқсатып əн жаздырыпты», - деп жазған екен. «Әдемі-ай» дуэты ешқашан тапсырыс берген емес. Және мен тапсырыспен ешқашан ән жазған емеспін. Жалпы ол қыздарды кінәлауға еш негіз жоқ. Әнді жазған олар емес қой. Олар республикаға танымал бірнеше конкурстардың жеңімпаздары. Кеше ғана шыққан әншілер емес, өз орнын алған, шығармашылық кешін өткізген өнерпаздар. Оңнан аса авторлық әндері бар. Мақалада оларға пияр керек болған шығар депті. Менімше пияр осы мақаланы атын бүркеп алып жазғандарға керек па деп ойлап қалдым. Айтпақшы «ұқсатып жазыпты» дегенде қисынға келмейді. Егер нота түсінетін болсаныздар екі әннің ноталары мүлдем бір біріне келмейді.
4. Өзімнің барымды біреуге бермесем, «ұрлау» деген сұмдық табиғатымда жат дүние. Осындай жағдаяттар болуын біліп осы әнге және басқада әндеріме жазу процессіндегі барлық аудио басқада материалдарды сақтап жүргеніме шүкір. Кімге болса да дәлелдеп беруге дайынмын.
5. Сөзімді қорытындылай келе, бір ақынның сөзіне жазылған екі сазгердің әр түрлі мәнерде жазылған әндерінің өмір сүруге толық құқысы бар. Танымал сазгер Роза Әлқожа да, мен де бір әнге қарап қалған жағдайымыз жоқ шығар. Бірақ жүректен шыққан туынды перзент секілді, оны өлтіру- қиянат емеспе!. Тек анығын білмей, тон пішіп, «ұрлады» деген ат, жаман естіледі екен! Және ол менің табиғатыма мүлдем жат дүние. «Өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық». «Арым жаңымның садағасы» деген әке-шешемізден үлкен тәрбие көрдік.
6. Халық өзі қалағаның таразылап алады. Тек сазгерлер әннің характерін әр түрлі беруі мүмкін. Мен сағыныш сезімін драма, трагедия арқылы жеткізгім келді, содан болу керек лирикалық, мұнды болып шықты. Мұндай әнді оңашада, не көлікте естіген жақсы. Ал Р. Әлқожа сағыныш сезімін көңілді жанрда, қиындықты драма емес оптимистік көзқараспен көтере білу, тіпті сарказма ретінде таңу, испандық, сыған мәнерінде жеткізе білді.Маған ұнады. Ешкімге өкпем жоқ. Шерхан Мұратұлының дауысы да ұнады. Тіпті болашақта оған бір ән ұсынуға да дайынмын. Әр әннің өз тарихы, тағдыры бар. Мүмкін мені жатсынып жүрген адамдар осы әннің тарихын білген соң ойларың өзгертетін шығар. Жоғары мақалада шынтуайына келгенде пияр емес, біреудің ыштарлығы бар секілді.
Құрметпен Ж.Пәрімбеков»

Ал негізінен әлеуметтік желідегі даудан соң, бізге әнші Шерхан Мұратұлы өзі хабарласты. Артынша редакцияға мынадай хат келген еді:
«Сәлеметсіздер ме «Алаш айнасы»!
Біздің сіздерге шағымданған себебіміз - Шерхан атты інім өнер жолын таңдап еді. Алғашқы әні ақын-сазгер Мұхтар Құраловтың «Алтынай» әні болатын. Сол әнді өңдетіп, орындап жүргенде бір күні эфирден «Жалын» тобы орындап шықты. Кейіннен білгеніміздей топқа әнді автордың өзі берген екен. Осы соққыдан кейін інім біраз уақыт ән айтқысы келмей қалған. Кейіннен Алматыға барып Роза Әлқожаның көзіне түсіп, әпкесі оған Танакөз Толқынқызының сөзіне жазылған «Сағыныш» атты әнін сыйлаған болатын. Автор осы әнмен танылып кетеді деген соң, әнді тез арада өңдетіп, бейнебаян түсірдік. Әнді қалай өңдету керегін, бейнебаян қандай болу керегін Роза Әлқожа өзі айтып, басы-қасында жүрді. Тіпті бэк-вокалын да өзі орындады. Бұл бейнебаян Қазақстан-Тараз, Қазақстан-Шымкент арнасында көрсетіліп жүрген. Талай журналистер фейсбукта мақтап, Танакөз Толқынқызы да өз бағасын берген еді. Бірақ, былтыр тура осы әннен аумайтын басқа бір әнді «Әдемі-ай» деген бір дуэттің орындауында естідік. Бұл да Шерханға оңай тиген жоқ. Өйткені ән сатып алу, әнді өңдету, бейнебаян түсіру оны таныту үлкен қаржы және еңбек. Інімізге жанымыз ашып, Роза Әлқожаға хабарласқанымызда «Босқа даурықпайық, ән бір-біріне ұқсай береді. Халық өз керегін алады» деген болатын. Қыздар Алматыға келген бір түсірілімде Шерхан арнайы жолыққан екен. Сонда олар «Сенің әніңді білеміз. Бұл әнді бізге басқа бір автор ұсынды. Жарайды енді орындамаймыз» деген екен. Сонымен бұл әңгіме ұмытылған. Алайда кеше ғана осы әнді аталмыш дуэттің орындауында әнші Ғани Мәтебаев әлеуметтік желіде өз парақшасына салды. Сол жерде Қазақ радиосының белгілі жүргізушісі Әсел Ергешқызы бұл әнді Шерхан Мұратұлының орындауында алғаш естігендігін және мына әннің соған ұқсас екендігін айтып өтті. Артынша Роза Әлқожаның өзі де үн қатты. Біз Роза әпкеге әнді қорғап, авторлар комитетіне шағымдануын өтіндік. Сіздерден өтініш, өнерге жаңадан қадам басқан Шерханды қолдауларыңызды сұраймыз.
Әріптес ретінде Жастар бірін-бірі сыйламаса қалай болады? Арнайы еңбектеніп, елге танытып жүрген талапкерді неге көзге ілмейді? Оның үстіне екі ән өте ұқсас. Роза әпкеміз елге белгілі сазгер. Әндері авторлар қоғамында тіркелген. Ал мына автор кім екен?
Марат Маманов
ОҚО Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы»

Жеңіс Пәрімбеков деген елге белгісіз автор болғандықтан, ол кісімен байланыса алмадық. Ал әнші-сазгер Роза Әлқожаға хабарласқанымызда: «Негізі бір өлеңге түрлі әндер жазыла береді. Дау тудырмайын деп үндемей келгем. Егер қыздар менің әнімді тыңдап тұрып, бұл әнді жарыққа шығарған болса, мақсаты не екенін білейік. Автордың кім екені маған да қызық. Жариялай беріңіздер» - деді.
Бұл жерде бар мәселе «Әдемі-ай» дуэті Шерхан Мұратұлына мән-жайды дұрыс түсіндіре алмағандығынан болуы мүмкін. Әйтпесе «Алаш айнасы» сайты әлдебіреуді ақтап, екіншісін даттауды алдына мақсат етіп қойған жоқ.
Қай әннің бағы жанарын уақыт көрсетер. Халық өзі саралап алары даусыз!
Жеңіс Пәрімбековке келер болсақ, бізге үн қатқаны үшін алғыс айтамыз! Бірақ, ендігі әңгімені авторлар қоғамымен шешіп алғаны дұрыс шығар?! Өйткені біз бұл мақаланы негізсіз қозғаған жоқпыз.

«Алаш айнасы» 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста