Өркениет

Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік

  • Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік

    Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік

 Әнші Бүркіт даулы видео тарап, елдің сынына ұшыраған әріптесі Төреғали Төреәліге араша түсті.


"Адам деген қатыгез боп бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Біреуіміздің аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін болған күнге жеттік. Міне. Түсінем, өмір де қиындап кетті, әркімнің өзінің өмірлік қиындықтары толып жатыр. Ешкімнің басқаның өмірінде еш шаруасы болмай кеткен күндер. Орысша айтқанда "Не мои проблемы" дейтіндер молшылық. Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан-ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ. Дегенмен, адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы. Қазаққа тән мәдениетіміз қайда кетіп бара жатыр? Не мынау, жаппай инста жүйесінде бәрі жабылып жас балаға?!", — деп жазған Бүркіт әлеуметтік желідегі парақшасында.


Ол көпшілікті сабырлық сақтап, бір-бірін сыйлауға шақырды.


 


"Қалай айтсақ та ол өз бауырымыз, қазақтың баласы. Қандасымыз. Біреуіміз кішкене ғана өзімізден асып кетсе болды, етегінен төмен қарай тартуға ұмтыламыз. Қалай айналдырса да, бұл баланың маңдайында жұлдызы жанған бала. Сабыр етіңіздер, ағайын! Шетелдің батысынан келген "у-шудың" бәрін өз бойымызға сіңдіріп жүрміз. Біреудің сыртынан жаман айтып, күнә жинамайық, әсіресе инста қолданушылар. Өтінеміз. "Болар xалық бірін-бірі батыр" дер, бір-бірімізді сыйлайық. Өміріміздегі жақсы мен жаманға баға беріп, соттайтын бір АЛЛАҺ! Ойланайық ағайын. Жақсылығымыз көп болғай! Бір-бірімізді құрметтейік!", — дейді әнші.


Естеріңізге сала кетсек, кеше әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тараған болатын. Әнші концертіне келген көрерменінің бірімен дөрекі сөйлесіп, оғаш мінез танытады. Осы видеодан кейін көпшілік әншіні сынға алады. Ал отандық радиолардың бірі Төреғалидің әндерін эфирден алып тастайтынын мәлімдеді. Жағдай ушығып бара жатқан соң әнші инстаграм арқылы тікелей эфирге шығып, халықтан кешірім сұрайды.


sputniknews.kz




Көрілген: 1569    Пікірлер: 2

жексенбі, 24.12.2017, 20:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31