Арман Дүйсенов балаларын қалай тәрбиелейді?

Арман Дүйсенов балаларын қалай тәрбиелейді?

Шоу-бизнесте де, телевизия саласында да маңдай терін төгіп, барлық ынта-шынтасымен еңбектенетін жандар екеу болса, соның бірі, біреу болса, соның өзі – Арман Дүйсенов. Әнші, сагер, ақын, асаба, тележүргізуші, продюсер Арман Дүсеновті сегіз қырлы емес сексен қырлы, бір сырлы десек те қателеспейміз. Арманды халық өнерлі азамат ретінде жақсы таниды. Ал Арман отбасында қандай жар, қандай әке? Жақында Арман ағаның «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасына берген сұқбатынан оның біраз ерекшелігін өзімізге түйіп алдық. «Алаш айнасы» оқырмандарына Арман Дүйсенов жайлы қызықты деген деректерді ұсынып отырмыз.

Арман Дүйсеновтің Айсұлу атты жары, Арай атты қызы, Абылай және Абзал атты ұлдары бар.

Арман Дүйсенов 1974 жылы 4 мамырда музыканттар отбасында дүниеге келген. Әкесі мен анасы да өз кезінде Орал өңіріне танымал музыканттар болды.

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық...» демекші, Арман мырза ерте тұрады. Бұл да еңбекқор адамға тән қасиет болса керек. Сондықтан да болар Арман Дүйсенов бәріне үлгереді.

Арман мен Айсұлудың балалары Арай мен Абылай каратэмен айналысады екен. Ал кенжесі Абзал 3 жаста. Әзірге ата-анасы кенжелерін патшасындай сыйлайтындарын айтады.

Арман сүйікті жары Айсұлуға және анасына ешқандай себепсіз гүл сыйлап тұрады. Айтпақшы, Айсұлу ханым Кентау қаласында туып-өскен. Арман мен Айсұлудың отасқанына 17 жыл.

Арман Дүйсеновтың балалары әкелерінің қатал еместігін айтады. Арман Дүйсеновтың бала тәрбиесіндегі ұстанымы: 5 жасқа дейін балаңды патшаңдай сыйла, 5 жастан 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан ары қарай досыңдай сырлас. Арман Дүйсенов балаларына мамандық таңдауды өз еріктеріне берген дұрыс деп есептейді.

«Бес саусақ бірдей емес. Балаларымның әрқайсысының өзінің мінезі, өмір сүру темпі бар. Көп адам өз балаларынан өзін көрігіс келеді. Өзінің қолынан келетін нәрсе балаларының қолынан да келу керек деп есептейді. Меніңше бұл үлкен қателік сияқты. Өйткені әр адам Алла тағаланың ерекше жаратылысы. Тіпті балаңның бойында бар қасиет өзіңде болмауы мүмкін. Айталық менің балаларымның спортқа деген ынтасы ерекше, бұл менде жоқ қасиет. Менің балаларым қандай да бір жетістікке жетсе, танымал әкесінің арқасы деуі мүмкін жұрт. Мен сондықтан балаларымды аяймын. Сондықтан да олар мықты болуы тиіс», – дейді Арман Дүйсенов.

Арман Дүйсенов таяуда ғана қазақ өнерінің қара шаңырағы, өнер майталмандарының киелі ордасы «Гүлдер» ансамблінің директоры болып тағайындалды. Өнерді жүдетпей үдетуге тырысамын дейді өнер иесі. Ендеше Арман ағамызға сәттілік тілейміз!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста