АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН АУЫЛ БАЛАСЫ

АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН АУЫЛ БАЛАСЫ

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Азамат» орденінің, «Астана» медалінің иегері Арман Сқабылұлының «Өкпелемеші» атты жинағы жарық көрді. Кітапта журналист-жазушының балалық шағынан бастап, студенттік кезеңдері, әріптестік ортасы қамтылған.

Автор өз естеліктерінде басынан өткен түрлі оқиғалар мен қызықты хикаяттарға, маңызды іс-сапарларға тоқталады.

– Арман Сқабылұлының «Хабар» арнасына қалай келгені көз алдымызда. Қасында Асхат Асан атты әріптесі болды. Екеуі де продюсер лауазымына тағайын­далып, телеарнаның қазақ тіліндегі Жаңа­лықтар қызметіне жаңа серпін беріп еді.

Бала кезімізде біздің ауылда қар қалың, қыста шанаға атты қосарлап жегетін. Қос ат жеккен шана, әй-дә, қазіргі джиптен бетер зулайтын. Арман мен Асхат содан кем болған жоқ. Біз ол кезде телеарнаның Жаңалықтар қыз­метінде басшының орынбасары болып, бұрқырап жататын үлкен пештің отымен кіріп, күлімен шығып жүрдік. Арман сол кезден бастап жақсы інімізге айналды.

Біздің Арман Сқабылұлын жете тануымыз сол тұстан бас­талса, ініміздің бізді тануы студент шағынан басталса керек. Студент ретінде тәжірибеден өтіп, жас журналист ретінде газет редак­циясына қабылданып жүрген кезінде мақала­ларымыздан үлгі алып, үстел теннисін ой­нағаны­мызға таңданыпты. Арада қан­шама жылдан соң осы азамат өзінің көзбен көріп-білгені мен көкейге түйіп-ілгенін жазып, жинақтап қалың қауымның кәде­сіне ұсынып жатыр.

Ауылы таныс, бір кезде өзіміз студенттік құрылыс отряды құрамында барып, бірнеше үй мен қой қораларын салып кеткен Нарынқол. Арманның кітабы тура сол Нарынқол қойнауындағы балалықтан басталады. Ішінде, тіпті Бердібек Соқ­пақбаев көкесі туралы эпизод та жүр.

Иә, Нарынқолдың қордалы болған­дығынан шығар, Бер­дібек­тен кейін сансыз киноға ар­қау, романға желі шығарлық оқиғалар өтіпті, адамдар өмір сүріпті. Арманның әппақ қызбен киноға бірге баруға билет таппай қалуы, сосын клубтың іргесіндегі тесіктен кірмек болып, біреудің көстеңдеген аяғына тірелуі, сүйік­ті итінің ит атқыштар қа­рауы­лына ілігуі, бірнеше бала рөлге ұсынылғанда мұның алды­на кейін «Қара Алмас» атымен бүкіл қазақ даласына аты тарай­тын қайсар құрбысының түсіп кетуі және басқа бірнеше ондаған хикаялар Бердібек­тен бергі Нарынқолды сипат­тайды.

Хош, баршаға ортақ балалық сәттерден соң қайталанбас сту­денттік кез басталады. Тағы таныс кептер мынау. Біріншіден, доста­ры таныс. Бізден бірнеше жыл кейінгі толқыннан шығып, кейін аттары жалпақ елге жайылған тұлғалар ғой. Бір Табылды Досымов­тың өзі неге тұрады?! Әулет тұр­мақ, қауым елге тіреу боларлық Болат­бектерді айтпа­ғанда. Студенттік кездің жыры ерекше әсерлі. Жолдастарының мақтауымен қыздарды Медеуге қыдырта­мын деп әкесі салған ақшаның басына су құйып келіп, соның кесірінен қысты жыртық бәтеңкемен өткізген ақкөңіл, бір тұста ілінген «Слава КПСС» деген ұранды таксиге адрес ретінде айтатын аңғал, сабақтан кешік­кенде емханадан анықтама ала­мыз деп тіс дәрігеріне ілігіп, әрі анық­тама жоқ, әрі бүтін тістерін бүлдіріп, сау басына сақина тілеп алған сауық­шыл достар қандай?! Бәрін ойында сақтап, кино көр­сетіп отырғандай көз алдың­нан өткізе білетін Ар­манның жазу­шылық шеберлігіне тәнті бо­ласың. Ал кім екені саусақ­пен көкті түртіп қана айтылатын адамға арналған Атыраудағы алтын төсекке Каспийге қойып кеткендей күмп ете қалатын қайран Та­былды туралы естелік­терді толқымай оқу мүмкін емес.

Міне, осы бөлімдерден кейін Арманның бізбен ортақ, яғни «Хабардағы» кезеңі басталған. Мұндағы Владимир Рерихтің, Ақылбек Сансызбайұлының, Серік Абас Шах пен Тілеуқабыл Мыңжа­сарұлының хикаялары кімнің болсын ішек-сілесін қатырады. Арман Сқабылұлының Мем­лекет басшысының сапар­ларын телевизия арқылы көрсету кезіндегі әсерлерін де аттап өте алмайсыз.

Кейінгі жылдары қайраткер Арман қалыптасты. Азат Перуашев, Бақыт Сәрсекбаев және басқа тұлғалар туралы ша­ғын толғаныстар осының айғағы. Иә, өзіңіз былайша білемін дейтін, Арман қызмет ететін телевизия арқылы аты таныс адам­дарды жете тануға осы естеліктер көмектеседі.

Ертеректе «Жеті күнді» «Ха­бардың» офисінде отырып көретін Әлімжан Сабыржанұлы екеуміз сол бағдарламаны тікелей эфирде жүргізіп шыққан Арманға қол соғатын едік, ал мына жинағынан соң орнымыздан тұрып қол соғуға тура келеді, – дейді кітаптың ал­ғы сөзін жазған жур­налист-жазу­шы Қайнар Олжай.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста