Өркениет

Аша Матай атышулы "Қалаулым" бағдарламасын сынаған Майғазиевке жауап берді

  • Фото: Instagram. Коллаж: Nur.kz

    Фото: Instagram. Коллаж: Nur.kz

Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасын сынайтын өнер иелеріне жауап қайтарды деп хабарлайды «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Елімізге белгілі әнші Сәкен Майғазиев те әріптестері секілді аталмыш бағдарламаға қарсы шыққан болатын.


«Мен Сәкен ағаның өзін, өнерін сыйлаймын. Оның үстіне біздің қызымыздың тұсауын кескен адам. Ол маған емес, бағдарламаға қарсы ғой. Ал мен өз пікірін білдірген адамға, «сенікі дұрыс емес» дей алмаймын», - деді Аша Матай.


Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, ол ұрысқа құмар адамдардың қатарынан емес.


«Мен өз пікірімді, қарсылығымды ол кісілерді сыйлағандықтан айта алмаймын. Бұл олардың пікірі. Ал қарсылықтарын менің өзіме айтса, оны бағдарлама редакторларымен отырып ақылдасамыз», - деді тележүргізуші.


Айта кетейік, көпшіліктің қарсылығына қарамастан бағдарлама өз жалғасын таппақ. Мамыр айында демалысқа кететін «Қалаулым» аздаған уақыттан соң эфирден қайта беріледі. Сәкен Майғазиев бағдарламаның жабылуын талап еткен болатын. 




Көрілген: 5856    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 13:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31