Өркениет

Астанада ақындар айтысы өтеді

  • Астанада ақындар айтысы өтеді

    Астанада ақындар айтысы өтеді

21 сәуір күні сағат 14.00-де Астанадағы «Казмедиа орталығының» киноконцерт залында жас ақындар арасында айтыс өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.


Айтысқа еліміздің барлық облысынан 30 ақын қатысуға өтініш білдірген. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, таңдаулы 16 ақын сахнада сөз сайыстырып, бақ сынайды.


Қазылар алқасының құрамында:


Қайрат Сақ – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, Алаштанушы ғалым.


Серікзат Дүйсенғазы – белгілі айтыскер ақын, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.


Сара Тоқтамысова – белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұстазы және т.б.


Айтыстың жүлде қоры: І орын (бас жүлде) – 300 000 тг., ІІ орын – 200 000 тг., ІІІ орын – 150 000 тг., IV орын – 50 000 тг. және барлық қатысушыға дипломдармен қатар ынталандыру сыйлығы табыс етіледі.


Айтысты ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Сарин жүргізеді. Кіру тегін.


Айтысты Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы ұйымдастыруда.


baq.kz


 


 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.04.2017, 18:58

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30