Өркениет

Астанада өткен сұлулық байқауының қыздарын басшылар қалай пайдаланған? (видео)

  • Сурет

    Сурет "Хан шатыр аруы - 2017" байқауында түсірілген. © instagram.com

Елімізде жыл сайын өтетін "Хан Шатыр аруы" сұлулық байқауына қатысты биыл шу шықты. Оған қатысушылардың бірі Теміртау қаласының тұрғыны Наталья Лапкина өзінің Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы аталған әлеуметтік желідегі zhaloby_astana деп аталатын пабликке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Желідегі пабликте жарияланған жазбаны назарға ұсынамыз:


"Халықаралық байқауға қатысқан бойжеткендердің бірі Наталья Лапкина Instagram желісіндегі тікелей эфирде байқаудың бар "былығын" елге жайып салды. Ол байқаудан соң "Хан шатырдағы" демалыс орнына қыздарды күштеп әкеліп, ойын-сауық кешін жасағандар туралы ашық айтты.


Кеште оларды байқау демеушілері, байқауға қатысы бар адамдардың барлығы, Rixos қонақүйінің басшысы Айтекин Гүлтекин болғанын айтады бойжеткен. Кеште қыздардың барлығы шомылуға киінетін киіммен жүрген.



Бұл кеш қонақүйге келген соң да жалғасқан. Натальяның сөзінше, олардың репетиторлары қыздардан сағат түнгі төртте элиталы нөмірге келіп, ұйымдастырушылармен көңіл көтеруін сұраған. Олар мұны оларға WhatsApp желісіне жазған.


Қатысушы қыздардың арасында тіпті кәмелетке толмаған қыз да болған. Нәтижесінде, нөмірде екі қыз қалды. Олардың бірі байқауда жүлделі болған ару. Олар таңға дейін өз нөмірлерінде болмаған", - делінген паблик жазбасында.


Ал желі қолданушылары болса, оның мәлімдемесіне қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.


"Оған біреудің қызы, әпке-қарындастары қатысып отыр ғой. Ұйымдастырушыларды жазаласын", "Батылдық. Осы сөзі үшін оған ештеңе болмаса екен", "Сұмдық, батыл екен", "Байғұстар", - деп жазды олар.



 


 




Көрілген: 1495    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 16.10.2017, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30