Өркениет

Астанада түрік актерлерімен өткен фан-кездесуге келгендер бірін-бірі таптап кете жаздады

  • © Sputnik / Асем Миржекеева

    © Sputnik / Асем Миржекеева

ЭКСПО көрмесінде Түркияның ұлттық күні аясында қазақстандық көрермендер арасында аса танымал "Ертұғрыл" тарихи телехикаясының актерлері Женгиз Жошкун мен Нұреттин Сонмез фанаттарымен кездесу өткізді. Бірақ соңында сүйікті актерлерінен қолтаңба алып, суретке түсу үшін жапа-тармағай тап берген жұртты тәртіп сақтап, тыныштандыру үшін ұйымдастырушылар күзет шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  тілшісі.


"Ертұғрыл" телехикаясы Түркияда ғана емес, Қазақстанда да аса танымал. Актерлермен кездесуге еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін келді десек артық айтпаспыз.


"Бұл телехикая жалпы түркі халықтарының тарихы туралы болғандықтан Қазақстанда аса танымал деп есептеймін. Осы себепті осы сериалды бүкіл түркі халықтарды жақсы көреді", — деді кездесуде Женгиз Жошкун.


"Ортақ қан, ортақ рухымыз бар", — деді өз кезегінде Нұреттин Сонмез.



Бұл тарихи телехикая болғандықтан, кинода ұрыс, шайқас көріністері көп. Актерлер жауынгерлік өнерін мейлінше паш етеді. "Ал өмірде осындай өнерлеріңіз бар ма?" деп сұрады актерлерден кездесуге келгендердің бірі.


"Мұндай өнеріміз бар. Осы жылдар ішінде жақсы тәжірибе жинадық. Сыртта күресіп-төбелесуге ешқандай мүмкін қалмайды, өйткені бүкіл күш-қуатымызды осы сериалдағы шайқастарға жұмсаймыз. Соғыс сахнасынан кейін бес-он минут адреналиннен арыла алмай, сәл дірілдеп тұрамыз", — дейді Нұреттин Сонмез.


Кездесуде балалар да, ата-әжелеріміз де белсенді болды. Қариялардың бірі Сонмезден қашан үйленетінін, телехикаяда ойнайтын қыздардың біріне неге сөз салмайтынын сұрады. Бұл сұраққа күліп алған Жошкун "досымызды үйлендіре алмай әлекпіз" деп ағынан жарылды.


Бұдан бөлек, актерлер "Ертұғрылдың" төртінші маусымы болатынын, әзірге басқа телехикаяларға түсіп жатпағанын айтты. Олар уақыт тығыз болғандықтан, Астананы аралап үлгермеген. Бірақ келесі жолы міндетті түрде Қазақстанның елордасымен жақынырақ танысуға уәде етті.


Актерлер фанаттарымен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап беріп болған соң қолтаңба таратуға кірісті. Бірақ сәлден кейін жүргізушілер "мәдениеттілігімізді көрсетейік" деп жұртты тәртіпке шақырып, ұйымдастырушылар күзет алдыртуға мәжбүр болды. Өйткені сүйікті актерлерімен суретке түсіп, қолтаңбасын алуға асыққан қалың қауым жапа-тармағай ұмтылып, бірін-бірі таптап кете жаздады.





Бір жағынан, мұндай жағдайдың туындауына кездесудің дұрыс ұйымдастырылмағаны себеп болды. Ұйымдастырушылар халық көп келеді деп күтпесе керек. Кездесу корей актері келген кездегідей емін-еркін даладағы сахнада емес, түрік павильонының ішінде тар жерде өтті.



 




Көрілген: 504    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31