Атақты асабалар: кім қанша сұрайды?

Атақты асабалар: кім қанша сұрайды?

«Той дегенде қу бас домалайды...» демекші, күнделікті тіршіліктен қолымыз тимей жүрсе де, сенбі-жексенбі күндері туған-туыс, до-жаранның тойларына бармауға тағы болмайды. Ұят болады... «Өзіміз де той жасаймыз ғой, бармасақ болмас» дейміз де арыстан да, жарыстан да қалмаймыз. Сәнді мейрамхана, мол дастарханға көзің тойған соң, бәріміздің бақылайтынымыз – тойдың асабасы. Өйткені тойдың сәнін де, мәнін де келтіретін асаба болғандықтан той иесінен асабаның орны маңыздырақ болып тұрады екен. Бүгін «Алаш айнасы» қазақ тойларында ойып тұрып орын алатын асабаларды түгендемек.

Жақында тойға жиі баратын құрбыммен әңгімелесіп отырып, оның қазіргі асабаларға көңілі толмайтынын байқап қалдым.
«Өткенде бір тойға барғанмын. Әпкемнің жалғыз баласы үйленіп, тойды қаланың қақ ортасындағы мейрамханаға жасады. Сенесің бе, дастарханда ауыз толтырып жейтін салат болған жоқ. Адам басына 10 мың теңгені сыпырып алатын мейрамханалар неге сонша қымбат, а? Жә, оны қойшы, бұл басқа әңгіме. Бәрінен де асабаны айтсам, қан қысымым көтеріледі. Тойды белгілі отбасылық ансамбль жүргізді. Не жүргізушілік, не әншілік қабілеттері жоқ дарынсыз асабаларды әлдеқандай етіп тойларымызға шақырып, қалталарын қампайтып жатамыз. Ел алдында жүрген танымал азаматтар ғой, тойымыздың сәнін келтірсін деп өзімізше сұраған қаламақысын беруге тырысамыз. Сөйткен асабалар сенімімізді ақтамайды. Тойды ешқандай дайындықсыз шашыраңқы жүргізді. Тойда отырып ұйықтап қала жаздадым», дейді құрбым.
Расында да, құрбымның айтып отырған сөзінің жаны бар. Өйткені қазіргі кезде той жасаудың қыр-сырын меңгеріп алған, тойды бірінен бірі қалыспай жоғары деңгейде жасауға тырысатын халықтың бүгінде асабаға қоятын талаптары да күшейді. Алайда асабалардың көбі сол халықтың көңілінен шыға бермейді. Теледидар арқылы көпшілікке жүздері таныс болып қалған әнші, актер, тележүргізуші асабалар өздерінің «беттеріне сеніп» тойларға дайындықсыз келетіндеріне куә болып жүрміз. Керек десеңіз, тойдың ортасында тойшы қауымнан бұрын өзі масайып қалып, тілі күрмеліп жататындары да бар.
Сонда асаба қандай болу керек дейсіз ғой? Ең бастысы асабаның мәдениеті жоғары, сауатты әрі қарапайым болғаны жақсы ғой. Кейбір «жұлдыз ауруынан» айыға алмаған асабалар той иесін, той қонақтарын менсінбей мұрындарын шүйіріп, «өзім білемге» басып жатады. Сондай-ақ өздерін танымал әрі сұранысқа ие санайтын асабаларда ізденіс азайған секілді, ешқандай жаңалық жоқ. Қайта 5000 доллар емес, 500-1000 долларды қанағат етіп, той басқарып жүрген қарапайым асабалардың ізденісі, кішіпейілдігі жақсырақ па деп қаласың.
Той жасар кезде бәріміз жанталасып жақсы тамада іздейміз. Бірақ біз көбіне асабаны танымалдығына қарап бағалап жатамыз. Сонда қазіргі танымал асабалар кімдер?
Құрметті оқырман, төменде біз сіздерге асаба ретінде есімі елге танылып қалған өнер иелерінің тізімін ұсынып отырмыз.

Тұрсынбек Қабатов – қазақстандық белгілі актер, КВН әртісі, «Әзіл әлемі» әзіл-ысқақ театрының жетекшісі қазақ тойларында ең үлкен сұранысқа ие асаба. Оның қаламақысы құпия. Бірақ 5000 доллардан кем емес дейді білетін жұрт. Тұрсынбек Қабатовтың айтуынша, ол асабалықтан үлкен сахнаға келген.

Нұржан Төлендиев – сахнаға шықса, жұртты қыран-топан күлкіге қарқ қылатын сатира актеры. Ол «Алдараспан» сатира театрының директоры. Нұржанның айтуынша, ол театрын қаржыланджыру үшін тойларды басқарып асабалық етеді. Нұржанды тойға шақырушылар жарты жыл бұрын тапсырыс береді екен.

 

Асылбек Боранбаев – белгілі актер, «Тамаша» әзіл-ысқақ отауының бас режиссеры. Ол той бизнесінде 20 жылдан астам уақыт асабалық етіп келеді. Оның айтуынша асабалық актердың жұмысына ешқашан кедергі келтірмепті.

Рахман Омаров – Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрның актеры. Ол да көп жылдан бері қосымша асабалықпен айналысады. Рахман Омаров асабалықтың пайдасы көп, зияны жоқ дейді. Ол өзін мәдениетті асаба деп есептейді. Рахман Омардың қаламақысы 2000-3000 доллар көлемінде.

 

Жанатбек Бәйтеков – «Тақия мен мафия» театрының актеры, тележүргізуші, асаба. Той басқару қызметі үшін шамамен 3000 доллар ақы сұрайды.

 

Ерлан Біләл – белгілі актер. Жоғары мәдениетті, салиқалы асаба ретінде көпшіліктің сүйіспеншіліген бөленген асаба Ерлан элиталық тойларға жиі шақырылады. Қаламақысы да жаман емес, 3000-5000 доллар.

 

Азамат Сатыбалды – драма актеры. Танымалдығының арқасында асабалық етуге тойларға жиі шақырылады. Азаматтың айтуынша актер үшін той жүргізу оп-оңай. Ол асабалық қызметі үшін өте көп қаламақы алады екен. 5000 доллар шамасында.

 

Талант Арғынғали – ақын, оның өлеңдеріне талай сазгер ән жазып, белгілі әншілер орындап жүр. Сондай-ақ Талант асабалық қырымен де көпшілікке танымал. Ол асабалықты табыс көзі ғана емес, өнер деп есептейді.

 

Ринат Зайытов – айтыскер ақын. Ол халыққа өзінің от ауызды, орақ тілді ақындығымен ұнағандықтан Ринатты да халық тойын басқаруға жиі шақырады. Оның тойдағы табысы 3000-5000 доллар шамасында екен.

 

Қанат Әлжаппар – аузымен автоматтың дыбысын салу арқылы сахнада танымалдыққа ие болған әзілкеш Қанат Әлжаппар да сұранысқа ие асаба. Қаламақысы той иесімен келісіледі.

Олжас Сыдықбеков – белгілі пародист, актер, журналист, асаба. Белгілі адамдардың дауысын салу арқылыжұртшылықтың көңілінен шыққан Олжас тележүргізушілікпен қатар асабалықты алып жүреді. Қаламақысы 2000-3000 доллар.

Біз атаған асабалар көбінесе Алматы, Астана, Шымкент қалаларында тойларды жүргізеді. Олардың қаламақысы да осы қалаларға лайықталған. Сондай-ақ бұл асабалардың барлығы дерлік әкім-қаралардың, шенеуніктердің, танымал адамдардың тойларын, яғни элиталы тойларды жүргізеді.
Ал сіз қандай мықты асабаларды білесіз? Өзіңіздің көңіліңізден шыққан асабаның атын жазып, пікір білдіріңіз. Мүмкін болса, бейнежазбасын да салыңыз. Қазақ тойларын басқарып жүрген үздік асабаларды бірге анықтайық...
Келесі жолы қарапайым халықтың тойын жүргізетін асабалардың рейтингін жасаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста