Өркениет

Атырауда Амандосовтың құрметіне конференция өтті

Кеше Атырау мемлекеттік университеті ұлт журналистикасының ұлықпаны – Тау­ман Амандосовтың құрметіне арналған ғы­лыми-тәжірибелік конференция өткіз­ді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұла­ғатты ұстаздың шәкірттері, туыста­ры мен өңірдегі белді БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жас қаламгерлер мен жур­­­на­листиканың табалдырығын енді ат­та­­ған студент-жастар да бар. Бар­лы­ғы­ның ниеті қазақ теориялық жур­на­лис­тикасының тар­ла­ны – Тауман Аман­до­сов­тың еңбегі мен есімін ұлықтау.

1976 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін Қазақ ұлттық университетінің за­ман­дастары Амандосов кафедрасы атап кет­кен Журналистік шеберлік және әдеби ре­дакциялау кафедрасының меңгерушісі мін­детінде де үлгілі өнеге көрсетті. Тауман Са­лықбайұлы бар саналы ғұмырын атал­мыш факультеттің қалыптасып, дамуы жо­лына арнады. Сондықтан бүгінде БАҚ-тың белді басшыларына, семсерсөз иелеріне айналған журналистердің бірнеше буыны осы ұлағатты ұстаз дәрісін тыңдап, оның аялы алақанының табын сезіну бақытына ие болғандар деуге әбден негіз бар.




Көрілген: 908    Пікірлер: 0

жұма, 18.03.2011, 17:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31