Өркениет

Атышулы Ақбота Баян Мақсатқызының өзін кешіргенін айтты

  • Атышулы Ақбота Баян Мақсатқызының өзін кешіргенін айтты

    Атышулы Ақбота Баян Мақсатқызының өзін кешіргенін айтты

 Баян Мақсатқызы жаңа туындысының тұсауын кесті. Мәңгілік махаббатқа арналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалының көрсетіліміне атышулы Ақбота Сейтмағанбет келді. Ұстазын кезекті жаңа туындысымен құттықтаған Кешьюдің экс әншісі бұрынғы продюсерімен татуласқандарын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.


«Мен бүгін Баян Мақсатқызын, басты рөлді сомдаған Ержанды және барлық «Shine» продакшнді құттықтауға арнайы келдім», - деп сөзін бастады Ақбота.


Әнші сонымен қатар бұрынғы продюсерімен қазіргі қарым-қатынастары жайлы да сөз қозғады.


«Мен ол кісімен ұрысып кеткен жоқпын, арамызда кикілжің болған жоқ. Бірақ, Баян ханымның қоштаспай кеткенім үшін реніші болған. Аллаға шүкір, қазір жақсы. Мен ол кісіге хабарластым, бірге түсірілімдерге қатысып жүрміз», - деді.


Ақбота бұрынғы продюсері өзі жеке әнші ретінде жұмыс істеуге қайта шақырса, қарсы еместігін жеткізді. Арадағы үзілістен кейін Баян Мақсатқызы өзін жақсы қабылдағанын айтты. Продюссер Ақботаны балалы болғанымен құттықтап, ақыл-кеңестерімен бөліскен.


«Мен саған ренжіген жоқпын, сен де жас болдың, мен сені түсінемін. Алға қарай ұмтылу керек және ең бастысы «Shine» продакшн сенің екінші үйің екенін ұмытпа!»,- деген Баян.


Сөз соңында Ақбота өзінің Баян ханымның «Shine» продакшн сенің екінші – үйің!»,- деген сөзіне ерекше қуанып жүргенін жеткізді.


Еске салсақ, Дәурен Айдарқұловпен түсірілім алаңындағы махаббаттан кейін, Ақбота Сейітмағанбет "Кешью" тобынан емханада жатқан продюсеріне бір ауыз сөз айтпай, кетіп қалған болатын. БАҚ беттеріне берген сұхбатында әнші бұл қылығы үшін Баяннан ұялып жүргеніне жеткізген.


NUR.KZ.




Көрілген: 900    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.12.2017, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31