Өркениет

Айбек Қалиевке "Айтыстың ақтаңгері" атағы берілді

  • Айбек Қалиевке

    Айбек Қалиевке "Айтыстың ақтаңгері" атағы берілді

Алматыда Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан жылдың қорытынды айтысында танымал айтыскер Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар ол "Айтыстың ақтаңгері" атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы шаһарында өткен «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстардың жеңімпаздары, алаштың ақиқатын айтып, төл өнеріміздің мәртебесін асқақтатып жүрген азулы, арқалы ақындар қатысып, жылдың қорытынды айтысын жасады.


Еліміздегі кіл жүйріктер қатысқан дүбірлі додада ақындардың көрерменге ұсынары мол болды.


Жыр сайысына Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы, Дидар Қамиев, Қалижан Білдәшев, Хазірет Бердіхан, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов сияқты жылдың ең үздік ақындары қатысты.


Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.


Сонымен Асанәлі Әшімов, Нұртөре Жүсіп, Серік Қалиев, Бауыржан Қалиолла, Дәулеткерей Кәпұлы қатарлы қазылар алқасының шешімімен:


Бас жүлде Айбек Қалиевке бұйырды. Бәйгеге тігілген 5 млн теңгені қанжығалаған саңлақ ақынға Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы "Айтыс ақтаңгері" атағын берді.

1-орын - Жансай Мусинаға берілді (1 млн теңге)

2-орын (екеу) - Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанхан (500 мыңнан)

3-орын (үшеу) - Ершат Қайболдин, Тілеген Əділов, Халижан Білдəш.


Оның сыртында, "Таскредит" компаниясының степендиясы (1 млн 800 мың) Асем Ережекызына берілсе, Рүстем Қайыртайұлына "Асанәлі Әшімов" қорының арнайы жүлдесі (300 мың теңге), Аспанбек Шұғатаевқа Төреғали Төреәлінің арнайы жүлдесі (300 мың теңге) берілді.


Ержан Жаубай




Көрілген: 509    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 31.12.2017, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 14:33
    Азамат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31