Өркениет

Айдана Меденова күйеуінің бірінші отбасымен ара-қатынасы туралы ашық айтты

  • © VKMUSIC.KZ

    © VKMUSIC.KZ

 "Еуразия" арнасындағы "Қалаулым" бағдарламасына келген Айдана Меденова бірінші жары Әлішердің балаларымен араласып тұратынын айтты. Сондай-ақ ол жарымен жеті жыл жас айырмашылықтарын қатаң сынға алғандар болғанын да айтты.


"Оның екінші отбасы. Ол да жайдан жай үйленуге келген жоқ. Әлішердің бұрынғы отбасынан екі баласы бар, араласып тұрамыз. Жұмасына екі рет үйге келіп тұрады, біз де барып тұрамыз. Өкінішке орай 15 жасымда анамнан айырылдым. Сол кезден бастап өзіме –өзім жауап беріп үйрендім. Барлығы маған сенеді, мен қандай шешім қабылдасам да ойланып, құптайды. Әлішер жағынан да ешқандай қарсылық болмады",-деді ол.


Сондай-ақ ол жұбайымен алғаш қалай танысқандары жайлы айтты.


"Әлішер біз танысқанға дейін мені сырттай үш жыл таниды екен. Ол да өнерде жұмыс істейді. Түсірілімдер мен дайындықтарда көріп қалатынмын, бірақ оның сөздері мен хаттарына мән бермейтінмін. Бір күні қаладағы кафелердің бірінде тосыннан кездесіп қалдық. Сол күннен бастап жарты жылдай дос болдық, одан кейін ол сезімін білдірді. Қыз бен жігіт болып бір жылдай жүріп, сосын тұрмысқа шықтым",-дейді Айдана.



Бағдарлама қатысушыларына ақыл-кеңесін айтқан Меденова жақсы келін болудың да құпиясымен бөлісті.


"Ең бастысы адам өзінің жолдасының үйіне таза ниетпен келсе, ата-анасын өзінікіндей көріп, сыйлап, бақытты қыламын десе, әр қыз бақытты болады!",-деді ол.


Еске салсақ, Айдан Меденова жуырда екінші баласын босанды. Әлішер мен Айдана бір ұл мен бір қыздың ата-анасы.




Көрілген: 2443    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 03.10.2017, 12:13

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30