Әйелдерге қандай еркектер ұнайды?

Әйелдерге қандай еркектер ұнайды?

Әйелдер ойша өзіне ұнайтын еркектің образын жасап алғанмен, ұнатқан жігіті ол образдан мүлде басқа болуы мүмкін. Сонымен әйелдерге қандай еркектер ұнайды? Қандай қасиеттерін жоғары бағалайды?
Біріншіден, кез келген мәселені шеше білетін еркектер әрқашанда әйелдер тарапынан құрметке ие. Алдына қойылған мақсатына барар жолды дұрыс таңдай алмай, кездескен кедергілерге шағымдана берсе, әйелінің мәселесі тұрмақ, өз мәселесін әйеліне жүктеп жатса, әрине соңында ол жалғыз қалады.
«Дені дұрыс» әйел орындалмай қалған уәделерді ұнатпайды және жанына өз-өзіне сенімді, өмірдің қиындығынан қыңқ етпей өтетін мықты еркекті көргісі келеді.
Кейбір нәзік жандылар өзіне кішкене қаталдық танытатын еркектерді ұнатады. Бірақ, шектен шығып, пікірімен санаспай, барлық жағынан шектеу қойып тастаған еркекпен шатастырып жүрмеңіз!
Әйелдердің басым бөлігі танымал еркектерге көп құмартады. Өйткені, оған қол жеткізу үшін намысын қайрап, сұлу болудың сан тәсілін қолданады. Нәтиже ойындағыдай шықса, құрбыларының арасында беделі өсіп қалатыны тағы бар. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған».
Мейірімді, еркелете білетін, «тәтті» сөздер айта білетін еркектер әйелге әрқашанда ұнаған және ұнай береді. Өзі туралы жағымды сөздер кімге ұнамасын?! Әйелдер «құлақпен» де сүйеді.
Лидер, топтың алдында жүретін еркектерді жауапкершілігінің молдығы үшін жақсы көреді. Өйткені, болашақ ана, болашақ жарға отбасы үшін барын салатын, сүйеніш болар жан керек.
Әйел үшін жақсы көретін жігітінің немен айналысып, неге қызығатыны да өте маңызды. Өйткені, жанында жүріп өзі де содан ләззат ала білуі керек. Демек, еркектің қызметі, хоббиі аз да болса ықпал етеді.
Сырт келбеті көп нәрсені шешуге ат салысады. Әйелдер еркекті алғаш көргенде көркі мен тұлғасына назар аударады. Араласа, сөйлесе келе ғана, мінезі мен ақылына баға береді.
Тазалықты жаны сүйетін әйелдер де аз емес. Жанында жүрген жігіттің туфтиінде шаң жатпай, үстінде қыл жүрмесе, сол жігіттің бағасы да арта түседі.
Жоғарыда көрсетілгендер – әйелдердің басым бөлігі назар аударатын қасиеттер. Өмірде әр адам өзінің тартымдылығымен бағаланады. Әр әйел қасында өмірінің соңына дейін серік болар, өзін оның жанында бақытты әрі қалаулы жан сезінетіндей, сенімді әрі физикалық қатынаста да сай келетін еркектің болғанын қалайды.

aikarakoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста