Өркениет

Әйгілі қырғыз әншісі клипте Кәмшатпен сүйісуден бас тартқанын айтты

  • Фото: brod.kz, limon.kg/ Коллаж: NUR.KZ

    Фото: brod.kz, limon.kg/ Коллаж: NUR.KZ

Әйгілі қырғыз әншісі Мирбек Атабеков Кәмшат Жолдыбаевамен бірге түскен клипінің түсірілімі туралы бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы бастапқыда бейнебаянда қазақ әншісімен сүйісуден бас тартқанын жеткізді. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Қырғызстандық әншінің айтуынша, 9 қазан күні жарық көрген бейнебаянды түсіруге 15 мың АҚШ доллары кеткен. Сондай-ақ, аталған клипті даярлауға 50-ден аса адам жұмылдырылған екен.


Атабеков қазақстандықтардың бейнебаянға жұмсайтын қаржысы Қырғызстан әншілерінен әлдеқайда көп екенін және мұнда кәсібиліктің жоғары екенін жеткізді.


Сондай-ақ, ол қазақтар адамның киіміне аса қатты мән беретінін сөз етті.


"Онда адамдардың сырт келбетіне көп назар аударады. Ал бізде әртіс үлкен алаңды толтырып, "Дордой" базарынан киім алып кие береді ғой", - деді қырғыз әншісі.


Бес уақыт намаз оқитын Мирбек Атабеков клипте Кәмшатпен сүйісетінін естігенде бірден бас тартқан.


Алайда түсірілім алаңында бір топ адамның жұмыс істеп жатқанын көрген ол қыңырлық танытпай, ойынан айныған көрінеді.


Қырғыз әншісі түсірілім алаңында жұбайы да өзімен бірге болғанын атап өтті. 




Көрілген: 1161    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.10.2018, 18:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30