Өркениет

Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

  • © kazVIP.kz

    © kazVIP.kz

Елімізге белгілі әнші Айгүл Иманбаева өзінің биылғы жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын айтып берді деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Әнші осыған дейін бірнеше рет тұрмысқа шығатынын айтқан болатын. Алайда, ол болмай қалды.


«Құдай қаласа, бәріңізді тойға шақырамын. Бірақ, мен ақ көйлек киіп той жасамаймын. Себебі, баламның өзі үйленетін жасқа жетті. Жаныңды түсінетін азаматыңның болуы керек», - деді әнші.

Сондай-ақ әнші өз талғамындағы ер-азамат жайлы айта кетті.


«Мен тоқал болуға және өзімнен үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға қарсымын. Сонымен қатар, біреуден тығылып өмір сүре алмаймын. Егер тұрмысқа шығатын ер адамың жаныңды түсінетін, басы бос адам болса, бір жылдан қалмаймын-ау. Жанымдағы ер адамның жүрегінің түгі болу керек. Себебі, анау-мынауға бағынатын, ығына жығылатын жастан өтіп кеттім. Маған ішкі мәдениет жоғары, етек-жеңнің арасындағы әңгімені елемейтін азамат керек. Былай айтқанда әркім өзімен деңгейлес адамды тапқаны дұрыс. Сондай адам жолықса, неге оның алдында иіліп жастық болмасқа», - деп сөзін түйіндеді әнші.


Айта кетейік, әнші егер жаны қалаған азаматы жолықса, оның жүрегіне тыныштық сыйлауға сөз берді. 




Көрілген: 3616    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.03.2018, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31