Өркениет

Айгүл Орынбек Ләйлә Сұлтанқызының шын бет-бейнесін ашып берді

  • © Caravan.kz

    © Caravan.kz

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының шын бет-бейнесін ашып берді. Ол тележүргізушіні рейтинг үшін неге де болса барудан тайынбайды екен деп отыр.


Айгүл Орынбек бұрын "Қазақстан" ұлттық арнасында Ләйла Сұлтанқызы жүргізген «Әйел бақыты» ток-шоуына Ресейде құлдықта болған оңтүстікқазақстандық қыз-жігіттерді алып барған. Сол кезде бағдарламаны жасаушылар алыстан шақыртып алған өз кейіпкерлеріне дұрыс жағдай жасамапты, деп хабарлайды Caravan.kz.


"Түсірілімнен кейін мен сот процестеріме кеттім. Кешке қыздардың жағдайын білу үшін Айданаға телефон соқтым. Қыздар өздерінің аш отырғанын айтты. Дереу жейтін тағамдарын алып, пəтерлеріне бардым. Подъезге кіргеннен сасық иіс мүңкіп тұр. Сегіз қыз, екі жігіт тар бөлмеде масаға таланып, аш отыр екен. Бірден бағдарламаға шақырған қызға телефон шалдым. Ол көтермеді. Сосын заңгер Айнұр ханымға телефон соқтым. "Ресейде құлдық көріп сорлап келгендері аздай, енді қазақтардан қорлық көргені қалып еді" деп айқайладым. Бəрі жауап беруден бас тартты. Сосын фейсбукке "Бұндай бағдарламаларың құрысын рейтинг үшін жасалған" деп жазып, қыздар мен жігіттерді алып кеттім. Кафеге апарып тамақтандандырып отырған кезде жан-жақтан қоңыраулар түсе бастады: "Постыңызды өшіріңізші" деген. Бірақ өшірмедім. Себебі, қыздардан продюсердің қоқаң-лоқы жасағанын естіп, одан сайын қатты ашуым келді. Қыздарды шақырғанда қонақ үй, жолақыны өзіміз көтереміз деген екен. Бірақ бағдарлама түсіріліп біткен соң қыздардың қарны тоқ па, аш па, жұмыстары болмаған. Сасық пəтерге əкеліп тастап, пойыздың келуін күтуді бұйырған. Қыздарды пойызға өзім шығарып салып, мінгізіп жібердім сол түні" деп жазады заңгер.


Сол кезде Айгүл Орынбектің бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызынан да көңілі қалыпты.


"Сол кезде білгем Лəйлəнің əңгімесі тек тікелей эфирде əдемі екенін. Ал шынайы өмірде адамның аузына бір тамшы су тамызуға жарымайды екен. Əйтпесе, түнгі бірге дейін кафеде қыздармен пойыз күтіп отырдық, келіп қыздардан кешірім сұрап, солардың жанынан табылуы керек еді. Адамдардың басындағы қайғы біреулерге рейтинг шоу болуы мүмкін. Ал мен үшін қазақты қазақ қорлап жатса, үлкен қасірет" деп сөзін түйіндейді А.Орынбек Фейсбуктегі жазбасында. 


 




Көрілген: 5766    Пікірлер: 4

жұма, 03.11.2017, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30