Өркениет

Айқын Төлепберген Жұлдыздың Әселге ұқсайтынын айтты

  • Айқын Төлепберген Жұлдыздың Әселге ұқсайтынын айтты

    Айқын Төлепберген Жұлдыздың Әселге ұқсайтынын айтты

 Айқын Төлепберген тұңғыш рет алғашқы әйелі жайлы сыр шертті. Ол Әселге 16 жасында қатты ғашық болғанын, бүгінде оған алғысы шексіз екенін мәлімдеді. Тіпті, әр жігітке Әсел сияқты жар бұйырса, Қазақстан көркейген елге айналатынын айтты.


Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Мақпал мекен” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


Айқын бала-шағасын тастап кетті дейтіндерге ренішін білдірді. Әнші екінші рет отбасын құрғанымен, қолы қалт етсе ұл-қызына жүгіретінін айтады.


“Бала-шағам қасымда. Ұлымды да, қызымды да күнде көріп жүрмін. Мен олай істеген бірінші адам емеспін. – Балаларды тастап кеттің, олардың көз жасына қалуға қорықпайсың ба? – деп жазады. Баласын тастаған адам күнде барып оның күнделігін тексеріп, сабағын қадағалап, тәрбие бермейді. Тастаған адам тастайды да кетеді. Мен ешкімді тастаған жоқпын, әрқашан да қасымда. Ешкімге ештеңе үйреткім келмейді. Әркімнің өз өмірі бар. “, – дейді Төлепберген.


Әнші алғаш рет бірінші әйелі Әселге қатысты пікірін білдірді.


“Әселге алғысым шексіз. Өте ақылды, инабатты, тәрбиелі қыз. Ондай әйел кез келген жігітке бұйырса, біздің еліміз көркейіп кетер еді деп ойлаймын. Себебі басы қатты істейді, жұмыс жағынан, өзі инженер. Қазір спортпен айналысады, қазір Қазақстанның чемпионы джиу-джитсудан. Дүние жүзіне барып бірінші орын алып келді. Менің балаларымды Әсел тәрбиелеп, ертең Алла қаласа балаларым да мықты болады. Бірақ енді алғашқы махаббатым ғой. 16 жасымда кездестік, көп уақыт бірге болдық. Қатты ғашық болдым.


Бірақ өмір өзгереді. Басқа да адамды кездестірдім. Біреу Жұлдызды кінәлап жатады. Басын айналдырып алып кетті. Мен басын айналдырып кететін адам емеспін. Бәрін мен шештім. Әселдің өзі әлі күнге дейін менен ақыл сұрайды. Балам тыңдамай жатса, әкеңе айтам десе, ұлым қорқып отырады. Ал біреулер соны білмей, тастап кетті дейді.


Жұлдызды да кінәлаудың қажеті жоқ. Мен кінәлімін. Мен өзім сол қызға ғашық болдым, мен мойныммен көтеремін. Әсел күшті еді, немесе басқа деп салыстырудың қажеті жоқ. Екеуінің жас кезі бір-біріне қатты ұқсайды. Жұлдызды бәрі “стерва” деп ойлайды. Жап-жақсы, инабатты, тәрбиелі қыз. Жауапсыз болсам, аборт жасат дейтін едім. Бірақ бала көтергеннен кейін некеге тұрдық”, – деп мәлімдеді Айқын.


Stan.kz




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.10.2018, 20:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30