Өркениет

Айқынды Барселонада тонап кеткен

  • Айқынды Барселонада тонап кеткен

    Айқынды Барселонада тонап кеткен

 Таяуда отбасымен бірге Еуропада сапарлап келген Айқын басынан өткен жағымсыз жайтты баяндады. Әншіні Барселонадағы сауда орталықтарының бірінде тонап кеткен. Сондай-ақ, Испаниядағы мейрамханалардың бірі Айқынды кіргізбей қойған.


Мұның себебін әнші “Түнгі студия” бағдарламасында түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Барселонада жүргенде кәдімгі “Мега” сияқты сауда орталығы. Барлық жерде камера, жан-жағыңда адамдар жүр. Бізде мысалы, ондай жерде ұрлық жасалады деп ойламайсың. Ал ондағылар “кәсіби” ұрылар. Олар туристерді аңдып жүреді екен. Жай қасыңнан өтіп бара жатып, су шашып, кешірім сұрап сүртіп әуреге түскенде, екіншісі жаймен ұрлап кетеді.

Маған бір “шорты” ұнап қалды, өлшемі бар ма деп аузым ашылып тұрған кезде ішінде паспорт, ұялы телефон, жалға алған көліктің кілті, баланың тамағы – бәрі кетті. Қайта менің жолым болып, анда-мұнда звондап, елшіні тауып алдым. Ол “қобалжымаңыз” деп полицияға шағым түсіру керектігін айтты. Полицейлер берген қағазбен елге қайтатынымды ескертті. Негізі Испанияда жағажайға сөмкеңді қалдырып, суға кетсең болды, бәрінен айырыласың”, – деген әнші Еуропаға баруды жоспарлап отырған жерлестерін алдын ала ескертті.

Сондай-ақ, Айқын Испаниядағы қымбат мейрамханалардың біріне кіре алмаған. Алдын ала жазылып, ақшасын төлесе де, ерекше дәмханадан дәм тата алмаған. Себебі:

“Шортымен барғаным үшін кіргізбеді. Қарасам, қыздар тәпішкемен, неше түрліні киіп кіріп жатыр. Сөйтсем нақты ер азаматтарға қойылған талап”, – деп түсіндірді Айқын.


Stan.kz




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31