Өркениет

Айнұр Тұрсынбаева: "Мен неге жезөкшелерді насихаттауым керек?"

  • Айнұр Тұрсынбаева:

    Айнұр Тұрсынбаева: "Мен неге жезөкшелерді насихаттауым керек?"

 Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жезөкшелерді қамшымен сабаған рэпер Жан Ахмадиевтің видеосына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Шынын айтсам, мен Жан Ахмадиевті танымайды екенмін. Өткенде маған бір кісі жазыпты "қазақтың қыздарын қамшымен ұрып жатыр, сіз неге инстаграмда соған үн қоспайсыз?" деп. Мен айттым: "айдаладағы жезөзекшелерді біреу барып қамшымен ұрады екен, неге мен оны өзімнің әлеуметтік желімдегі парақшама салуым керек. Неге мен оны насихаттауым керек. Жезөзекше кім, ана жігіт кім? Екеуін де танымаймын. Мәселен, егер Сәкен Майғазиев, болмаса Қыдырәлі Болманов немесе Мейрамбек Беспаев сияқты өнерге үлесін қосқан жігіттер шығып, "біз осылай бас көтереміз, мынадай бассыздыққа жол бермейміз" десе түсінемін. Олар азамат ретінде қалыптасты, өнерге үлесін қосты, ел алдында жүрген тұлға. Ал мына кісіні танымаймын. Мүмкін, атақ шығару деп қабылдау керек шығар", — деді айтыскер ақын ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.


Еске салып өтсек, YouTube-те "жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген" рэпердің видеосы жарияланған еді. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды. Қазнетті "жарған" видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген. Кейінірек ішкі істер министрлігі видеоны тексеріп, рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамағаны анықталды. Ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген екен. 


Sputnik Қазақстан




Көрілген: 2528    Пікірлер: 0

сенбі, 07.04.2018, 22:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31