Өркениет

Айнұр Тұрсынбаева оқырмандары арқылы қалай ақша тауып отырғанын бүкпесіз айтты

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Star of Asia фестивалінің қадірлі қонағы болған Айнұр Тұрсынбаева NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген сұхбаты барысында әлеуметтік желі арқылы қалай ақша табатынын жасырмай мәлім етті.


Айнұр Тұрсынбаева бүгінде желідегі парақшасы арқылы кәсіппен айналысып отырғаны жасырын емес. Айтыскер оқырмандарымен бірігіп кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі. Осы орайда Тұрсынбаева әлеуметтік желінің пайдасы туралы айтып берді.


"Мен үшін әлеуметтік желінің пайдасы көп. Мені қарапайым халық көтерді. Менің дәрежемді де, тіпті бизнесімді де көтеріп отырған халық. Сондықтан мен оны Instagram деп емес, халық деп қабылдаймын", - деп айтты.


Айтуынша желіні негізгі табыс ретінде қолданбайды. "Мені асырап отырған – менің танымалдылығым", - деді айтыскер.


Сонымен қатар ақын қазіргі сары басылымдарға көңілі толмайтынын айтты. Ол бүгінгі желіде тараған алып-қашпа әңгімелер үшін уайымдайды. Дегенмен өзі туралы жағымсыз пікірлер мен жалған ақпараттармен күресудің орнына айналып өтеді екен. "Мен өзімде журналистика мамандығын бітіргенмін, менің ойымша адамның тағдырына араласып, жеке өміріне қол сұғу – халықты азғындау болып табылады. Жақсы жаңалықтарды көбірек жазған дұрыс шығар", - деп сөзін аяқтады айтыскер-ақын. 




Көрілген: 1880    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30