Айнұр Тұрсынбаеваның пайдалы емдік ақыл кеңестері

Айнұр Тұрсынбаеваның пайдалы емдік ақыл кеңестері

Бүгінгі күні әлеуметтік желілер жұлдыздарды олардың табынушыларына жақындата түсті. Олар сол әлеуметтік желі арқылы сүйікті әншісімен немесе актрисасымен сұхбат құрып, жаңалықтарымен бөлісіп, тіпті көкейіндегі сауалына жауап та тауып жүр. Кейбір әлеуметтік желідегі танымал тұлғалар сұлулығының сырымен бөлісіп, оқырмандарынан ақыл кеңестерін де аямайды. Сондай оқырманы да көп, өзінің жеке парақшасына жазылушылардан ештеңесін аянып қалмайтын, пайдалы кеңестерімен жиі бөлісіп жүретін жандардың бірі Айнұр Тұрсынбаева. Күн санап сұлуланып, жасарып бара жатқан Айнұрға табынушы, сұлулығының сырын білгісі келетін қыз келіншектер де аз емес. Сондықтан Айнұрдың ақыл кеңесі сіздердің де пайдаларыңызға жарап қалар деп, олардың кейбіреуін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Айта кетер жайт бұл ақыл-кеңестердің көбісі Айнұрдың өз тәжірибесінде қолданылған көрінеді. Сонымен...

Жаз мезгілінде табаны жиі жарылатын жандарға

Жаз мезгiлi, керек болып қалар... Ауылда жалаңаяқ жүрiп өскен қызбын ғой, өкше тазалау дегеннiң машақатын мен сияқты терiсi құрғақ адамдар жақсы түсiнедi... Сонымен;
1.5 литр ыстықтау суға 3 ас қасық перекисьти (3%) құйып аяғыңызды салып 15-20 минут отырып, сосын өкше тазалағышпен (пемза) жақсылап тазалайсыз. Аяқты құрғатып 3 ас қасық глицеринге 1 шәй қасық уксусты қосып араластырып, өкшеңiзге ыскылап жағып, целофанмен орап, носки киiп ұйықтаңыз... Таңертең жылы сумен жуып тастаңыз.! Аптасына 2-3 рет жасасаңыз өкшеңiз бөпенiкiндей жұмсақ болады. Перекись те, уксус те, глицерин де аптекада сатылады, қымбат емес! (Өз тәжiрибемде жасадым) Сәттiлiк!

Босанудан соң ішті қалай кетіруге болады?

Аяғы ауыр келiншектер көп кеңес сұрайды. Семiрiп кеттiм, бетiм қарайып кеттi, құсқым келе бередi т.с.с. Бiлгенiмдi айта қояйын десем өзiм де бала тумағалы бiраз боп қалды. Мен босанған жылдары әйтеуiр бала туа салысымен iшке мұз қойып қоятын, жатыр тез орнына түседi деп. Ол пәле бүкiл денеңдi мұздатып естi шығаратын едi. Қазiр Америкалық ғалымдардың оқып, зерттеуiнен кейiн жана туған баланы қоятын болыпты ғой. Жатырды тез орнына түсiре алатын жас сәбидiң жып-жылы денесi екен. Құдай ау оны Америкадан сұрамай-ақ апалардан неге сұрай салмаған? Бұл бiздiң оқымаған әжелердiң сонаааау ғасырдан қолданатын тәсiлi екен ғой. Айтпақшы, баладан кейiн қалып кететiн iштi жұмыртқаның сарысы жақсы кетiредi екен. Тек қана сарысын жақсылап жағып сыртынан целлофанмен, оның сыртын қалың орамалмен байлап тастап 4-5 сағат жүру керек екен. Бұл да апалардың тәсiлi! Сондай-ақ жас босанған әйелдiң сүтi бетке ең керемет маска екен. Терiнi жұмсартып, ағартады екен. Яғни түрлi дақтарды кетiруге болады. Жане 40 күнге дейiн терлеген сайын бетiнiздi қайта-қайта сүртiп отырсаңыз қара дакты да кетiре алады екенсiз. Мiне солай!

Барлық ауруға ем!
Фб-тағы Шынар Әбілдәнiн парақшасынан алынған пост! Бәрінен құтқарады!
Сену қиын, бірақ тексеріп көруге болады. «Мен өте сирек кездесетін бір емді білем. Бұл ем көптеген дерттен айықтырады. Кездейсоқ біліп қалдым. Құрбым екеуміз косметиканың көрмесіне барған едік. Бiр айелмен таныстык. Әңгіме-дүкен құрып отырдық. Ол әйел бізге былай деді: «Қыздар, сондай жассыңдар, сендерге бояудың не керегі бар?» Біз таң қалдық. «Жас емеспіз ғой. Неше түрлімен ауырамыз». Немен ауыратынымызды айтып үлгерместен, ол бізге бәрін өзі айтты. «Сенде – қаназдық, ал сенде – ұйқы безі дұрыс жасамайды». Аузымыз ашылды. «Қалай білдіңіз?» дейміз. Ол: «Тілдеріңе қарап» деді. Ал, біз бутерброд жеп отыр едік.
Айтуынша ол Воронежден келіпті, емші екен. Енді немен емделсек болады деп сұрадық. Ол жақында Қытайда болғанын айтты. Ресейде оның бір бүйрегін алып тастау туралы шешімге келген екен. Ал, қытайлар таңертең сарымсақ соруды тағайындапты. Ағза өзі қалыбына келеді депті.
Күнде таңертең тұрғанда адам аузы «қоқысқа» айналып тұрады. Сарымсақтың бір талын кесіп, соның бір тілігін аузыңа салып сору керек. Жарты сағат. Сарымсақтың уыты сілекеймен бірге қанға өтеді. Тамыр мен лимфаны тазартады. Ауыз қуысын емдейді, қызылиектің қанауы тоқтайды. Бірақ шырыштың қабынуынан сақтану үшін аз-аздан бастаған абзал. Алдымен, бір талын бір-ақ сормай, содан бір кесіп алып тістеу керек. Дымы қалмаған сәтте түкіріп тастайсыз. Иісі шықпау үшін таңғы ас ішу керек. Тісті содан соң шайған дұрыс. Кофенің дәнін шайнаса, иістен дым қалмайды. Немесе ақжелкеннің бір талын тіске басыңыз.
Емші бізге Ванганың сөзін еске салды: «Жер бетінде сарымсақ болса, адам да өмір сүреді». Көп адам сарымсақты мөлшерден көп жеу пайдалы деп ойлайды. Бірақ ол асқазанға ауыр. Ал, ауызға салып сорған сарымсақ асқазанға түспейді. Бірден қанға өтеді. Бұл емді еш жерден кездестірген емеспін деді. Өте пайдалы екен. Тек арасын үзбеу керек. Дертің жазылғанша сора беру керек. Тұмаудан жақсы қорғайды. Денсаулығына мән берген адам өмірін күрт өзгертуге дайын болсын. Зиянды әдеттерден бас тартуға тура келеді. Темекі, ішімдік, артық тамақ ішуден тыйылсын. Сонда сарымсақтың әсері тез білінеді».
Мен бұл емге бірден сендім. Қаназдық бар еді. ⤵️⤵️⤵️


Артық салмақтан арылам десеңіз

Қазiр бүкiл әлем артық салмақпен күресуде. Салмақ қуалау дегендi сән үшiн, мода үшiн деп түсiнiп қателесiп жүргендер бар. Жоқ, қазiр семiру (ожирение) үлкен iндетке айналды. Халқының саны көп Қытай, Америка т.б сияқты алпауыт мемлекеттерге халықты тойғызу улкен проблемаға айналып, соның соңы түрлi фаст фуд, гамбургер, кфс сияқты зияны басым тамақтарды дайындауға алып келдi. Бiздiң өзiмiздiң балалар да үйдегi ет пен майды жемей көшеден тамақ iздейтiн болды. Интернетте сол тамақтарды қалай дайындайтыны туралы жиiркенiштi видеолар көп, соларды өсiп келе жатқан балаларға көрсетiп миына құя беру керек. Қыз балаларды кiшкене кезiнен өзiн күтуге, әдемi боп жүруге дайындаған дұрыс. Қанша тартынып жесем де Анталиядағы 1 аптада 4.3 кг салмақ қосып келдiм, яғни казiр организмнiң өзi семiруге бейiм. «Ауру астан» дейдi қазақ. Артық салмақ-артық проблема! Сол үшiн аптасына 3-4 күн мынандай өнiмдердi пайдаланамын. Жолда жүргенде де жақсы, кабинетте отыргандар үшін де жақсы, пiсiрмейсiз! Азаннан кешке дейiн тек осы кашаларды суға, айранға, сүтке қосып қалағаныңша жей бересің. Дәмi де жақсы, бағасы да арзан. (300-400тг) Әрi пайдалы, организмдi тазалайды, салмақты тез тастауға ықпалы зор, терiңiздiң жақсаруына тез көмектеседi, 100% таза өнiм. Кез келген дүкеннен, аптекадан сұрасаңыз клечатканың неше түрiн табасыз. Сәттiлiк!


 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста