Өркениет

Айсәуле Бақытбек: "Қазіргі заманда әйел не істесе де, не кисе де өзі біледі"

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек қысқа етек киетін қыздарды сынға алып жүрген шоу-бизнестегі кейбір ер азаматтарға жауап берді.


«Қыздарға кішкентай кезінде еркектің назарын өзіңе аударма деп айтады. Бірақ керісінше, ұл балаға әйел жыныстық қатынас үшін емес екенін түсіндіру керек шығар. Әйел де тұлға! Сондықтан біздің киген киімімізге сөйлеудің қажеті жоқ. Бізге жеке тұлға ретінде қарау керек. Әдемі аяқтарымды көрсету үшін неге мен ұялуым керек? Сымбатты денемді неге көрсетуден қымсынуым керек? Өз-өзіне дұрыс ұстай алмайтын еркекке неге ұят емес? Егер өзіңді ұстай алмасаң, онда проблема сенде. Instagram-парақшасын аңдымай, одан да психологқа жүгінгенің дұрыс. Әйелді қалай сыйлауды саған үйретпеген болу керек. Әйел алдыңда тұрған жануар емес, ал сен оны аулайтын аңшы емессің. Естеріңде сақтаңдар, біреудің қалай жүріп-тұруына араласуға сендердің қақыларың жоқ», – деп жазады Айсәуле өз Instagram-парақшасында.


Сондай-ақ, Баян Алагөзованың қызы шоу-бизнестегі кейбір жігіттерді сынап тастады. Олардың екіжүзділігін айтып, әйелді бір саты төмен көретініне қарсы екенін жеткізді.


«Өздеріңді діндар етіп көрсетесіңдер. Ауызашар беріп, жабық киінген әйелдеріңді көрсетіп мақтанасыңдар. Бірақ сендерге сұрағым бар. Ал дінде ән айтып, секіруге рұқсат берілген бе?», – деп ол эстрададағы «намазхан» әншілерден.



"Осы қыздың кейбір айтқан сөздері ұнайды. Дұрыс мен де пікіріне қосыламын. Кім қалай киінсе де білетін заман ғой бұл. "Ашық киінген қызға жаман оймен қараған жігіт ұялсын" депті."


Осы тақырыпқа байланысты Узакбай Шахмет те өз ойын жазды:


"Дұрыс айтады.Əйелді товар ретінде қарайтындар ауру адамдар.Əңгіме киімде емес тəрбиеде.Қазір 21 ғасыр.16 шы ғасыирдағы арабтардың киімін кій деу сауатсыздық." - деді ол.


kaz.caravan.kz


 




Көрілген: 1258    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 16:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31