Өркениет

Айтыскер ақын құмар ойындарына қалай кіріп кеткенін айтты (видео)

  • Асхат Қылышбек. Сурет ғаламтор желісінен алынды

    Асхат Қылышбек. Сурет ғаламтор желісінен алынды

Бір кездері құмар ойындарына кіріп кеткен танымал айтыскер ақын Асхат Қылышбеков "Казиноға" арнап, өлең шығарды. Асхаттың айтуынша, мұндай құмар ойындарына талай қазақтың менмін деген жігіттері әуес болып, барынан ұтылған. "Өлең арқылы қоғамға титтейде болса ой салғым келді" деген Қылышбеков "Еуразия" арнасында бұл жолға қалай түсіп кеткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


"Қапшағайдағы үлкен казиноға арнайы үш рет бардым. Ол кезде кіру құны-$500, $1500 кетті. Тасыған өмірде азаматтың басынан неше түрлі жағдай өтеді. Мұның пайдасы-өмірге бір өлең келді. Ал мені тоқтатуға бір ғана себеп болды, ол адамның -иманы",-деп ағынан жарылды Асхат.


Айтыскер казиноға барғаннан-ақ жолы болмағанын айтты. Орталықтан құмар ойындарына салынып кеткен қазақтың талай жігіттерін көргенін де жасырмады.


"Менде казиноға барып көрдім, ойын автоматтарын ойнап көрдім. Жолы болатын баланың алғашқы ұрлығы ашылады дейді ғой Казиноға бірінші барғаннан ұтылдым, букмекерден де ұтылдым. Бір нәрсеге көзім жетті, адам баратын жер емес екенін білдім. Біріншіден, ақшаңа ысырап. Екіншіден, денсаулығыңа. Ол жер көк түтіп сасып тұрады, өзің шекпесеңде жұтасың. Үшіншіден, уақытыңа ысырап. Төртіншіден, құдайдың да, адамның да алдында абыройсыз болады екенсің. Қарыз сұрайсың, ұтыласың. Сондай жігіттердің көбін көрдім, көп жігіттерге айтып та көрдім. Ән арқылы теңізге тамған тамшыдай болса да, бір үлесіміз болса екен дедік. Тоқтату мақсатында жазылған өлең",-деді ол.




 




Көрілген: 1235    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30