Өркениет

Азамат

  • Азамат

    Азамат

Ел назарын елеулі еңбегімен өзіне аударып жүрген азаматтардың бірі Мұхтар Байбатшанов. Ол жас болса да, талай биікті бағындырған азамат. Мұхтар Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы қызметінде жүріп, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, еліміздегі тұңғыш бөдене зерттеуші ғалым ретінде кеңінен танылды. Ол сонау тоқсаныншы жылдардың басында ғылымда жүрген талай адам күнкөрістің қамымен ғылыми жұмыстарын тастағанда, біздің кейіпкеріміз ғылым жолын таңдаған жанкешті азаматтардың бірі болды.

Мұхтар Байбатшановтың өмірдегі ұстаным қағидасы – ұлт болып ұйысу үшін кешірімшіл болудың, тірлікте сыйласып өтудің, жақсылығыңды асырудың, жаманыңды жасырудың үлгісі.

Мұхтарға ұқсап, бір-бірімізге жылы сөз айтсақ, өзімізді өкпелеткен кісіге өршеленіп, тұра ұмтылмасақ, тас атқанға ас ұсынсақ, қаймана қазақтың бәрін бауырға тартсақ, алты алашқа «айналайын» деп еміренсек, қанша адамның өмірін ұзартар едік. Бірлігі мол, берекесі келіскен ұлтқа айналар едік. Аз ғана тіршілікте итше ырылдасып жүріп, соны түсіне алмайтынымыз-ай…

Ұлт мінезінің қалтарыс-қатпарларын жетік білетін ол төңірегін қас-қабағымен ғана билейтін. Ешкімге артық сөз айтпайтын. Адамның бойынан тек қана ізгілік көргісі келетін. Жүрегіне біз сұққандарға да «сіз» дейтін.

Мұхтар Қасенұлы Байбатшанов Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. Бөдене құсын зерттеп, Қазақстанда тұңғыш кандидаттық диссертация қорғауы қазақ ғылымның өрісін кеңейтті. Осы білім ордасында үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізіп келеді.

Ол ғалымдармен бірлесіп жазған оқулықтарымен оқу құралдарының және бірнеше әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Студент кезінде алғашқы рет «Мен қонақпын» өлең кітабы жарық көргенде алғашқы туындысын жата-жастана оқыдық. Сол секілді «Мәңгілікке тілейтін тілегім бар» атты жыр кеші де жоғары деңгейде өткен болатын. VI Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.

Осыдандай үлкен жетістіктерге еңбектен арқасында жетіп, әліде болса еңбектерін ел бағалайтын ұзтаз-ғалым болуына сенемін.

Мұхтар басындағы тағы бір сүйсінерлік қасиет – тіпті жай ғана жібі түзу дүние жазсаң да, балаша адал көңілмен қуанып, өзінен өз достарын әлдеқайда жоғары қойып жатады.

Мұхтар – үлкен ұстаз-ғалым. Тамаша ұстаз. Бұл – оның өз шәкірттерінің пікірі. Көп пікірі. Ал ұстазы туралы шәкірт айтса, қалпы айтпайтыны көпке аян. Жасы қырыққа толған Мұхтар Қасенұлы Байбатшанов өнердің өзі игерген қай саласында болсын абырой, атақпен келе жатыр. Әдемі келе жатыр. Сұлу келе жатыр. Сол себепті, біз бүгін «Біздің Мұхтар» деп бар дауыспен мақтана айта аламыз.


Б.Т. Құлатаев,

Моңголия ҰҒА, Халықаралық білім академиясының

және ХААП акдемияларының академигі


 


 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 09.01.2018, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 14:33
    Азамат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31